Untitled Document

Денсаулық... Сәбіз шырынының 10 пайдасы

Қыс айларында көп кездесетін көкөністердің бірі – сәбіз, денсаулық үшін өте маңызды. Витаминдер мен минералдарға бай және дененің күнделікті қажеттілігін қамтамасыз етуде көмекші болады.

Денемізге көп жағынан пайдалы болған сәбіздің және сәбіз шырынының ең маңызды 10 пайдасы:

1) Бауыр функцияларының қорғанысы және ас қорыту жүйесінде өте пайдалы.

2) Құрамындағы Е витаминімен қатерлі ісік ауруының алдын алады.

3) Қартаюмен байланысты шығатын ауру-сыздаулар сәбіз шырынын ішу арқылы азайтылуы мүмкін.

4) Табиғи А витаминінің қайнар көзі болғандықтан, көз саулығын, көру қуатын арттырады. Сүйекке және остеопорозға жақсы әсер етеді. 

5) Құрамындағы калиймен холестеринге және гипертонияға қарсы күреседі.

6) Өт және бауыр ферменттерінің жақсаруына әсер етеді. Май жиналуын азайтады.

7) Теріні жандандырады, әдемілейді.

8) Сәбіз шырыны күшті антиоксидант бета-каротиннен бай болғандықтан жасуша дегенерациясының алдын алады.

9) Біраз лимон және зәйтүн майы қосылып дайындалған сәбіз салаты немесе сәбіз шырыны зейінді ашады, ойлау қабілетін дамытып, үйренуді жылдамдатады.

10) Сәбіздің және сәбіз шырынының калориясы аз болса да қарынды тойдырады. Арықтауда және салмақты сақтауда жақсы әсер етеді. Күніне 1-2 дана кішкене сәбізді жеу немесе шырынын ішу қарынды тоқ ұстайды.