Untitled Document

Сұхбат... Өзгелерге қол жаю

Кәсіп – өмір сүру, тіршілік ету үшін қажеттіліктерді халалдан табу деген сөз. Адамның өзінің, бала-шағасының нәпақасын, қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін және қарыздарын төлеу үшін еңбек етуі парыз болып табылады. 

Пайғамбарлардың барлығы еңбек етіп, табыс тапқан. Еңбек етпей, мен Аллаһу та'алаға тәуекел етемін дейтіндерге сенбеу керек. Мұндай адамдардың көңілі Аллаһу та'алаға емес, құлдардың қалталарына, мал-мүлкіне байлаулы болады. Қажеттілігін қамтамасыз ететіндей мал-мүлік тапқаннан кейін, артығымен жұмыс істемей, ғибадат ету рұқсат. Мақтану, тәкәппарлану үшін қажеттілігінен артық табыс табу харам болады. Қажетінен артық жұмыс істеп, табысын жақсы нәрсеге жарату мүстаһаб, сауабы нәпіл ғибадаттардан да  артық болады. Хадис шәрифте: «Адамдардың жақсысы – адамдарға пайдалы болғаны» делінген.

Мұсылман – дүниені жақсы көріп, дүниеге берілгендігі үшін емес, Аллаһу та'ала еңбек етуді әмір еткені үшін жұмыс істеп табыс табады. Нәпсінің жаман қалауларына, зауықтарына қауышу үшін жұмыс істеп ақша табу және жұмыс істегенде халалды харамнан ажыратпау, өзгелердің хақысына мән бермеу, өзгелерден алған қарыздарын қайтармау – дүниеге берілгендікті көрсетеді. Дүниеге берілу үлкен күнә.

Адамдардан садақа сұраудың, тіленудің үш зияны бар:

1) Аллаһу та'аланың нығметті аз бергенін хабарлау, бұл харам болады.

2) Өзін төмен түсіру, масқаралау. Мұсылманның Аллаһтан өзгеге мойын июі рұқсат емес.

3) Қайыр сұрап, адамдарды мазалау, ыңғайсыз, қиын жағдайға түсіру. Зәру жағдай болмайынша бұл да харам болады.