Сұхбат ... Керахат (мәкрух) уақыттары (2)
Демек күн батуына шамамен 45 минут қалған кезден бастап күн толық батқанға дейін қандай да бір намазға кірісу харамға жақын мәкрух болады. Мұсылмандар арасында «Екіндінің парызынан кейін күн батқанға дейін ол жерге басқа намаз симайды» деген түсініктің астары осында. Күн батарда тек сол күннің екінді намазы ғана оқылады. Бірақ, екіндіні исфирар уақытына дейін кешіктіру тахриман мәкрух болады.
Имам Әбу Юсуфтың үкімі бойынша тек жұма күні күн дәл жоғарыда тұрған кезде нәпіл намаз оқу мәкрух болмайды. Бірақ, бұл қаулы зайыф (әлсіз). Бұл үш уақытта бұрыннан дайын тұрған жаназаның намазы, тиләует сәждесі және сәху сәждесі де рұқсат емес. Дайындығы осы уақыттарда біткен жаназаның намазын бұл уақыттарда оқу рұқсат болады.
Тек нәпіл намаз оқу мәкрух болған екі уақыт бар. Таңертеңгісін фәжри садық (көкжиек) ағарып күн шыққанға дейінгі уақытта таң намазының сүннетінен басқа нәпіл намаз оқылмайды. Екінді намазын оқығаннан кейін ақшам намазынан бұрын нәпіл намаз оқу тахриман мәкрух болады. Жұма күні имам мінберге шыққан кезде және азаншы қамат айтып жатқанда, басқа намаздарда да имам намаз оқып жатқанда нәпіл намазды, яғни, сүннет намазды бастау мәкрух болады. Тек таңғы намаздың сүннетін бастау мәкрух емес. Мұны оқығанда да саптан ұзақ жерде немесе тіректің артында оқу керек. Имам мінберге шықпай тұрып бастаған сүннетті бітіру керек деп білдірілді.
Таң намазын оқып жатқанда күн шыға бастаса, бұл намаз сахих болмайды. Екіндіні оқып жатқанда күн батса бұл намаз сахих болады. Ақшам намазын оқығаннан кейін ұшақпен батыс жақа ұшып күннің батпағанын көрген мұсылман күн батқаннан кейін ақшам намазын қайта оқиды. Оразасын ашқан болса, айттан кейін қазасын тұтады.