Сұхбат... КЕДЕЙЛІК және ЕҢБЕК ЕТУ
Ризықты беретін Аллаһу та’ала. Жұмыс істеу ризықты көбейтпейді. Жұмыс істеу арқылы ризықтың себебіне жүгінген боламыз. Бұл – сүннет. Хазіреті Лұқман: «Еңбек етіп табысқа жет! Еңбек етпей мұқтаж болған адамның діні де ақылы да нұқсан!» деп бұйырған. Ризық үшін алаңдамау керек! Құран кәрімде «Әрбір жандының рызқы Аллаһқа тиісті» деп бұйырылған. Хадис шәрифтерде:
- Ризық үшін қайғырма, тағдырыңда болған ризық сені табады (Исфахани).
- Еңбек етіп, күн көру әрбір мұсылманға – парыз (Табарани).
- Еңбек етпей, өзін садақа сұрайтындай дәрежеге түсірген кісі 70 нәрсеге мұқтаж болады (Тирмизи).
- Әке-шешені, бала-шағаны бағу үшін, ешкімге мұқтаж болмау үшін еңбек ету – жиһад. (И. Асакир).
- Өмірім ұзақ болсын, ризығым мол болсын деген адам туыстарын зиярат етсін, оларға қамқор болсын! (И. Ахмед).
- Таңертеңгілік ұйқы ризыққа кедергі болады (Бәйһақи).
- Қажеттілігін (жоқшылығын) халыққа ашқан, мұқтаждықтан құтыла алмайды. Аллаһтан сұраған мұқтаждықтан құтылады (Хаким).
- Үйге кірерде «Ықылас» сүресін оқыған адам кедейлік көрмейді (Қуртуби).
- Әр түні «Уақиға» cүресін оқыған адам кедейлік көрмейді (Асакир).
- Қиындыққа тап болған немесе қарызданған адам мың рет «Лә хаулә уәла қууата иллә билләһил алийил азыйм» десе Аллаһу та’ала жұмысын жеңілдетеді (Шира).
- Ризыққа қауышқан кісі көп шүкір етсін! Ризығы азайған да көп истиғфар етсін! (Хатиб).
Құран кәрімде: «Аллаһтан қорыққанға Аллаһ қиыншылықтан шығу жолын береді және ризығын ойламаған жерден жібереді» деп бұйырылды («Талақ» 2-3).
Шүкір – «Әлхамдулилләһ», Истиғфар – «Астағфируллаһ» деген сөз. Истиғфар ету – күнәларының кешірілуіне себеп болатын жақсылықтарды жасау деген сөз.
Бала-шағасын бағуда қиыншылық шегіп жүрген бір адамға Пайғамбарымыз: «Неге истиғфар айтпайсың? Мен күніне 100 рет истиғфар айтамын» деп бұйырған.
Хасан Басри хазретке бірнеше адам жұт, жоқшылық және бала болмауын шағымданып келген еді. Бәріне истиғфар айтуларын бұйырды. Себебін сұрағанда мына аят кәриманы оқыды: «Көктен мол жауын жаудыруы үшін, сендерге мал-мүлік пен бала-шаға беруі үшін, сендерге бау-бақша, өзендер беруі үшін, аса кешірімді болған Раббыңызға истиғфар айтыңдар» (Нух 10-12).