Untitled Document

Медицина Суық тию немесе тұмау кезінде өзіңізге қалай көмектесуге болады?

Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) балалар арасында  ең көп таралған аурулар болып табылады және ата-аналар үшін ол ауру  туралы білу өте маңызды.  Осы аурулар кезінде  тыныс алу жолдары зардап шегеді, сондықтан оларды тыныс алу аурулары деп атайды. ЖРВИ-нің ішіндегі ең қауіптісі  - тұмау. Инкубациялық кезеңі  бірнеше сағаттан 1-3 күнге дейін, әсіресе тұмаумен ауыратын 2 жасқа дейінгі балалар мен созылмалы аурулармен ауыратын  65 жастан асқан қарттар үшін қауіпті. Жүкті әйелдер де тәуекел тобына енеді.

Халықтың тұмаумен сырқаттану, асқынулар мен өлім-жітімді төмендетудегі жалғыз тиімді шара - бұл вакцинация.

Тұмауға қарсы иммунитет бір күнде пайда болмайды: оны қалыптастыру  үшін уақыт қажет. Вакцинациядан кейінгі иммунитет 2-3 апта ішінде қалыптасады, 6-12 айға дейін сақталады. Эпидемия басталғанға дейін вакцина алып үлгеру керек.

Тұмау және басқа өткір респираторлық вирустық инфекциялар мен аурушаңдықтың өсу кезеңінде профилактиканың  жалпы шараларын сақтау қажет:

- қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз, әсіресе жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін;

- пәтерді, үй-жайларды жиі желдетіңіз, сондай-ақ  дымқылдатып  тазалауды жүргізіңіз;

- далаға шықпас бұрын мұрын жолдарына оксолинді жақпа жағыңыз, бұл вирустардың тыныс алу жолына енуіне жол бермейді;

- жеке қорғаныш бетперделерін киіңіз.

Жаттығу жасау, спортпен айналысу, жақсы ұйқы, дұрыс тамақтану, көкөністер, жемістер, табиғи шырындар, компоттарды пайдалану суық тиюдің алдын  алу (ауа-райына сәйкес киім кию) – бұл  сіздің денсаулығыңызға кепілі болатын факторлардың толық тізімі емес екенін ескертеміз.