Күннің тарихы... Ажяд қаласының тағдыры
1770 жылы Османлы мемлекеті кезінде Осман Нури паша тарапынан жөндеуден өткізіліп янычар әскерінің пайдалануына берілген тарихи Ажяд әскери қалашығы отель құрылысы сылтаумен Сауд Арабия өкіметі тарапынан 2002 жылдың 3-наурыз күні құлатылып, тарих және түрік дұшпандығы жолында тағы бір қадам жасалды.
Ажяд қалашығы Мекке қаласын жабайы араб көшпенділерінің шабуылынан қорғау үшін құрылған болатын. Ол османдықтардың Мекке аймағынан шегінген 1916-1919 жылдарына дейін өз қызметін атқарған.
1880 жылы Мекке әмірлігіне тағайындалған Шариф Абдулмутталиб ағылшындардың қолдауымен Османлы өкіметіне қарсы көтеріліс жасап, халифат әскері орналасқан Ажяд әскери қалашығын басып алуға тырысады. Мақсатына жете алмаған сатқын әмір халифаның тәртіпке шақыруына да құлақ аспағаннан кейін Ыстамбулда «Шура-и Дәулет» мүшесі Авнур-рафиқ паша 1882 жылы Меккеге әмір қылып тағайындалады. Абдулмутталиб болса, тұтқынға алынып Ажяд қаласында қамауға алынады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде ағылшындардың қолдауымен күш алып, Мекке-Мәдина қалаларын басып алған саудиттер сол күннен бастап аймақтағы түрік және Османлы халифатын еске түсіретін барлық тарихи, әскери ғимараттарды, тіпті мешіттерге дейін қирата бастайды. Мысалы, бүгін Мәдина қаласында ол жерге 400 жыл қызмет еткен Османлы халифатынан бірде-бір ғимарат қалмаған. Сауд Арабиясындағы уаһһаби өкіметі сахабалар мазарындағы 10 мыңдаған кесенелермен қоса, Османлыдан қалған мешіттерді де тас талқанын шығарған.
Саудиттер Ажяд қаласын бұрын да құлатуға бірнеше рет кіріскен болатын. Түркияның араласуымен опасыздықтан баз кешкен еді. Соңғы рет 1980 жылы бақытсыз қалашық тағы да уаһһабилердің қаһарына ұшыраған кезде Пәкістан премьер министрі Зия ул-Хақ оларды бұл істен қайтарған болатын. Пәкістан өкімет адамдарын да немқұрайлы қалдырмаған бұл мәселе дініміз тарихы тұрғысынан да өте маңызды.
Кеңестік дәуірде басқыншылар бір ғана Түркістан қаласында 16 дана мешіт-медресе және кесенені құлатқанындай Сауд Арабиясында да халифалықтан қалған бүкіл тарихи жәдігерлер жүйелі түрде жоқ етілуде. Өйткені мақсат бір – халықты тарихи тамырынан ажыратып, «Сені мен адам қылғам» саясаты астында езу.