Әңгіме... Құрылысшы ақсақал
Баяғыда бір кісі қаншама жыл құрылыс саласында қызмет атқарған екен. Зейнет жасына келгенде бастығына келіп: «Басеке, менің зейнетке шығатын уақытым келді, рұқсат болса мен жұмыстан шығайын өтінішіме қол қойып беріңіз», – дейді. Сонда бастығы: «Әрине, зейнетке шығасыз. Бірақ бір шартым бар. Әлі салына қоймаған бір үй бар еді, соны салып, бітіріп берсеңіз, рұқсат», – деп жауабын келте қайырады.
Әлгі қария амалдың жоғынан үйді аз күнде бітіріп, үйдің кілтін бастығына берсе, бастығы өзіне қайтарып береді. Бұған таң қалған ақсақал: «Басеке, мұныңыз қалай?» – дейді. Сол кезде бастығы: «Ақсақал, негізі бұл сіздің үйіңіз, енді бұл үйде өзіңіз тұрасыз», – деп жауап қайтарады. Бастығынан мұндай жауапты күтпеген әлгі қария: «Қап, өзімнің үйім болатындығын білгенімде бар мүмкіндікті пайдаланып, зәулім сарай салып алатын едім ғой», – деп өкініп қалды.
Осы бір мысалдан алатынымыз, біздің әрбір жасаған құлшылығымыз, намазымыз, ғибадатымыз өзіміз үшін. Ертеңгі күні олардың жемісін өзіміз көреміз. Сондықтан да «Бұл дүние – ахиреттің егіндігі» деп бекерден бекер айтылмаса керек.
Қарайған көңіліңді жарық қылған, бұл оқу
Түк білмейтін қамауды тақ-тақ қылған оқу
«Тұтқасы» деп тұрмыстың мектеп құрған бұл оқу
Жаратқанның бірлігін сақтап тұрған бұл оқу
Ынтымақтың тірлігін жақтап тұрған бұл оқу
Адалдық пен анықты мақтап тұрған бұл оқу
Күннен-күнге молайып, аттап тұрған бұл оқу
Аспан да жерге көрік боп, ат боп тұрған бұл оқу
Алысқа да тіл болып, хат боп тұрған бұл оқу
Ілияс Жансүгіров