Untitled Document

Күннің тарихы... Имам Ахмед Раббани

Хазреті Имам Ахмед Раббани – Үндістаннан шыққан ең үлкен әулие және ғұлама. Арифтердің (білгірлердің) нұры, әулиелердің көсемі, исламның сақшысы, мұсылмандардың панасы болған хазреті Имам Раббани мужәддид, мужтәһид және исламның көз нұры болып табылады. Сілсілә-и алийа деп аталатын шежіренің жиырма үшіншісі.

1563 жылы Үндістанның Сарханд (Сиһринд, Сирхинд) қаласында туылған. Имам Раббани деген атпен танылған. Раббани – хикмет пен ілім иесі, ілімімен амал еткен, ілімі мен амалы толық, мінсіз және кәміл, кемел ғұлама дегенді білдіреді. Хижри жылсанағымен екінші мың жылдықтың мужәддиді (жаңалаушысы) болғаны үшін Мужәддиди Әлфи Сани, шариғат пен тасаууфты біріктіргені үшін Сыла есімі берілген. Хазреті Омардың тегінен болғаны үшін және Сарханд қаласынан шыққаны үшін есіміне Фаруқи және Сарханди сөздері қосылып айтылады.

Бүкіл осы сипаттарымен бірге есімі – Имам Раббани Мужәддид Әлфи Сани Шәйх Ахмед Фаруқи Сарханди деп айтылады.

Әкесі мен аталары өз дәуірлерінің үлкен ғұламалары, салих және құрметті адамдары болған. Әкесі Абдулахад мырза – дін және жаратылыстану ғылымдарын толық меңгерген, тасаууфта ең биік дәрежеге қауышқан адам болатын.

Хазреті Имам Раббани 1615 жылы елу үш жас шамасында өзінің қатты жақсы көретін шәкірттеріне: «Маған менің өмірім алпыс үш жыл екені илхаммен білдірілді» деді. Өзі бұған қатты қуанды. Өйткені Пайғамбарымызға (алейһиссалам) бағынғаны соншалық, жас жөнінен де сай келетін еді. Сонымен қатар бұл тұрғыда хазреті Әбу Бәкірге, хазреті Омар мен хазреті Әлиге де бағынған болды.

Хазреті Имам Раббанидің жаназа намазын ұлы Қажы Мұхаммед Саид оқытты. Алпыс үш жасында қайтыс болды. Сархандта үйінің жанына жерленді. Кейінгі уақытта Ауғанстан патшасы Шах Заман оның қабіріне көркем кесене салдырды.