Untitled Document

Тарихи дерек... Әмірлер

Әмір-Темір. Барлас руынан шыққан. Орта Азияны, Шыңғыс әулетінен шыққан хандар арқылы  (1370-1405) 35 жыл билеген. Өзінен кейін билікті ұрпақтарына беріп кете алды. Ұрпақтары Орта Азияны, артынан Моғол империясын биледі.

Едіге би. Маңғыт руынан шыққан. Алтын Орданы (1400-1411) 11 жыл билеген. Ноғай Ордасының негізін қалаушы. Ұрпақтары Ноғай Ордасын биледі.

Беклербек Мамай. Қият руынан шыққан. Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы (1361-1380) 19 жыл билеген. Ұрпақтары Запарож казактарын құрды. Жиені – Иван Грозный.

Есен тайшы. Шорас тайпасынан шыққан. Солтүстік Юань империясының Ойрат бірлестігін басқарған. (1439-1454) 15 жылдай жеке-дара билік жүргізген. Ұрпақтары Жоңғар мемлекетін биледі.

Әмір Қамар ад-Дин. Дулат тайпасынан шыққан. Моғолстанды жеке-дара (1366-1390) 25 жылдай билеген.

Әмір Қазаған. Шамасы Баяут тайпасынан шыққан болуы керек. Шағатай ұлысын (1346-1358) 12 жылдай хандар арқылы билік жүргізген. Ұрпақтары Мауреннахрды билеген.

Елтемір тайшы. Қыпшақ руынан шыққан. Юань империясын (1328-1333) 5 жыл көлемінде өз алақанында ұстаған.

Ғибрат...

Cөз тасушылық

Мұса алейһиссалам үмметімен бірге жаңбыр дұғасына шығады. Үш күн бойы дұға етсе де, жаңбыр жаумайды. Мұның себебін сұрағанда Аллаһу та’ала былай дейді:

«Ей Мұса! Араларыңда сөз тасушы бір адам бар. Сол себепті дұғаларыңды қабыл етпедім».

Хазреті Мұса тағы сұрайды:

- Йа Раббым! Оның кім екенін бізге білдір, арамыздан шығарып жіберейік.

«Йа Мұса! Мен сендерді сөз тасудан қайтарып, өзім сөз тасимын ба?»

Сонда Мұса алейһиссалам қауымына: «Ей қауымым! Барлығымыз сөз тасушылық күнәсына тәубе етейік!» дейді.

Кейін барлығы тәубе еткеннен кейін, көп-көп жаңбыр жауады.