Untitled Document

Тарихи тұлға... Ағыбай батыр

Ағыбай Қоңырбайұлы, Ағыбай батыр (1802-1885) — қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымұлының Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі.

Ағыбай батыр жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған. Ағыбай батыр 1824 жылы Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. 1826-1849 жылдар аралығында Ресей империясының Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл бойындағы ұрыста, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында ойсырата жеңген. Қазақ батыры Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсеткен. 1847 жылы Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен ұрысында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып еткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізген. Ағыбай батырдың мазары Сарыарқа мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерінде, сонда жерленген.

Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің шығармаларына арқау болған. 19 ғасырдың аяғында «Ағыбай батыр» киссасы шықты. Ағыбай Нысанбай жыраудың «Наурызбай-Қаншайым» жырының, I. Есенберлиннің «Қаһар» романының бас кейіпкері. 1914 жылы Есім төренің көмегімен Әлихан Бөкейханов Қазан қаласынан «Қызыл қайнар Тектұрмас» деген кітабын шығарды. Сәкен Сейфуллин «Ақжолтай батыр» деген роман жазған. 1992 жылы Айыртау-Сопыда батырдың туғанына 190 жыл толуына байланысты республика дәрежесінде үлкен той етті. Ұрпақтары Ағыбайға үлкен кесене салды. Ол 1980 жылы күрделі жөндеуден өтіп, басына құлпытас қойылды.