Сұхбат... Маңыздының да маңыздысы (2)
«Барлық нәрсенің апаты бар. Үмбетімнің апаты – ақшаға көңіл бөлу». (Дәйләми)
«Әр үмбеттің фитнасы (емтиханы) бар. Үмбетімнің фитнасы – ақша». (Хаким)
«Әр үмбеттің бір саяхаты бар. Үмбетімнің саяхаты дінге қызмет». (Табарани)
«Әр діннің ерекшелігі бар. Үмбетімнің ерекшелігі – ұялу». (Ибн Мажа)
«Әр ағаштың жемісі болады. Жүректің жемісі – перзент». (Бәззар)
«Барлық нәрсенің кілті бар. Жәннаттың кілті – намаз». (Дәйләми)
«Барлық нәрсенің кілті бар. Аспанның кілті – «Лә илаһа иллаллаһ» сөзі». (Табарани)
«Барлық дерттің шипасы бар. Жүректің (көңілдің) шипасы – Аллаһу та'аланы еске алу». (Бәйһақи)
«Барлық дерттің дауасы бар. Тек өлімге ғана шара жоқ». (Табарани)
«Барлық нәрсенің бұзушы пәлекеті болады. Ал бұл діннің пәлекеті – жаман басқарушылар». (Харис)
«Барлық нәрсенің ақиқаты бар. Тағдырға сенбейтін адам иманның ақиқатына жете алмайды». (Нәсаи)
«Барлық нәрсенің тірегі бар. Мүминнің тірегі – ақыл, әркім өз ақылына лайықты ғибадат жасайды». (И.Ғазали)
«Иманның белгісі – Ансарды (Мәдиналық сахабаларды) жақсы көру, мұнафықтың белгісі – Ансарды жек көру». (Бұхари)
Әһли хикмет ғұламалар айтқан:
«Барлық нәрсенің құндылығы бар, ал адамның құндылығы – білімі, ихсаны және әдебі».
«Барлық нәрсенің ұрығы бар. Дұшпандықтың ұрығы – қалжың мен мазақ».
«Барлық нәрсенің қысқа жолы бар. Жәннаттың қысқа жолы – дінге қызмет».
«Барлық нәрсе тотығады. Жүректің тотығуы – тоқтық».
«Барлық нәрсенің зекеті бар, ақылдың зекеті – мұң мен тәфәккур».