Untitled Document

Күннің тарихы... Тұңғыш президент күні

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қолқойылды. ҚР алғашқы президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991  жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық  сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет  қалыптасуының  өтпелі кезеңінде  сенімді  басшыға  өз тағдырын  тапсырған  Қазақстан халқының  жауапты  таңдауы еді.

Елбасы Қазақстанның бірлігін, Конституцияның панасын, адамның құқығын және бейбітшілігін қамсыздандырған, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін салушы болып табылады.

Күннің тарихы...      

Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні

СПИД бастапқыда гомосексуалды еркектерде, жезөкшелерде, есірткі қолданғандарда кездескен. Кейіннен жыныстық қатынас, қан ауыстыру және тұқым қуалау жолдарымен басқа адамдарға да тарай бастады. СПИД ауруын батыстың шектен асқан еркіндігінде өмір сүретін, неке, намыс, руханият, кие дегеннің не екенін білмейтін жағдайға жеткен және ақша, комфорт, ішімдік, есірткіге салынған адамдар таратып отыр.

СПИД ауруына қарсы дәрі және вакцина ойлап табу үшін дүние жүзіндегі бүкіл лабораторияларда жанталасып еңбек етілуде. Бұл аурудың мамандары СПИД ауруына шалдықпау үшін ислам дініндегідей әмірлерді қайта-қайта айтып ескертуде: 

♦ Зинаға және жөзекшелікке жақындамаңдар!

♦ Жыныстық азғындықтардан (жаман қатынастардан) ұзақ болыңдар!

♦ Есірткі заттарға және спиртті ішімдіктерге жақындамаңдар!

♦ Жүйелі отбасылық өмір түрін ұстаныңдар!

♦ Тазалыққа, гигиенаға көп мән беріңдер!