Афоризмдер... Қанатты сөздер
Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да. Мұстафа Шоқай
Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді. Әзілхан Нұршайықов
Ұятсыз адам иттен де жаман. Сайфи Сараи
Үйренбейтін немесе аз үйренетін мұғалім – жаман мұғалім. Максим Горький
Жақсы командир жауынгерін зор етеді,
Жаман командир офицерін қор етеді. Бауыржан Момышұлы
Жаман болса алғаның – мақтасы қалың көрпе артық,
Қараға жауап бергеннен – аққа берген серт артық. Базар Оңдасұлы
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас. Шалкиіз Тіленшіұлы
Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады. Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жаман әйел – жігіттің тайдырады табанын,
Тар қылады заманын.
Жақсы әйел – жігіттің жақсы қылар жаманын,
Ұшқыр қылар шабанын. Майлықожа Сұлтанқожаұлы
Жаман еркек жар қадірін білмес,
Жайсыз әйел ер қадірін білмес.
Жалқау адам тер қадірін білмес,
Жетесіз жігіт ел қадірін білмес. Майқы би