Untitled Document

Мақала... Арсыздық

Қазіргі таңда батыс елдерінде зина, сафизм (лесбиандық), ливата (гомосексуализм) сияқты ар-намыссыздық, адамилыққа жат қатынастар кеңінен етек жаюда. Ал мұндай ессіздіктің келіп шығуының ең басты себебі әйел мен еркектің бір-бірімен шектеусіз, бақылаусыз түрде кездесулері. Осының салдарынан батыста өмірін зина жасамай өткізген еркектер мен әйелдер өте аз кездеседі. 

Еркек пен әйелдің еш ұялмай бірге отырулары, ашық сөйлесулері және кездесулерімен әйелдерге құрмет көрсетудеміз, олардың ақыларын орындаудамыз дей отырып, оларды осындай қауіп-қатерге өздері түсіруде және әйелдерді қорлап саудадағы зат сияқты қолдануда.

Ал мұсылмандарың әйелдері арлы, намысты және ұятты болатындықтан, ерлерінің жанында және барлық жерде де құрметті, қадірлі болғандықтан, ерлері оларды мұндай қауіпті жағдайларға және қорлықтарға жолатпайды.

Әркім ең қатты жақсы көретін және құнды нәрселерін өзі үшін сақтайтынындай, мұсылмандар да өздеріне барлық нәрседен қадірлі, қымбатты және құрметті деп білген әйелдерін және күйеулерін ұшып бара жатқан құстан да қорғаштайды. Ал бұл махаббатының көптігінен болатын дүние.

Еуропалықтар мұндай ахлақ және намыс сезімінен алшақ қалған. Ол жақта еркектің өз әйелін немесе әйелі өз күйеуін қызғануы өте күлкілі және ақымақтық деп қаралады. Мысалы, бір жерде пәленше қызғаншақ екен делінсе, тәрбиесіз, ақымақ деп есептеледі.