Untitled Document

Сұхбат... Ең үлкен күнә

Сұрақ: Намаз оқу ғибадат, яғни сауап болғанына қарағанда, бұл сауапты күнде істеудің орнына бос уақытымда немесе зейнетке шыққанда істесем не зияны болады? Оразаны да жыл сайын белгілі бір айда емес, зейнетке шыққанда барлығын бірден ұстасам не болады? Нәтижеде бұлардың есебін өзім беретін болғандықтан, сауап амалды істеуді кешіктіруім немесе мүлдем істемеуім неге күнә болады?

Жауап: Намаз оқымайтын көп адам намаз оқуды тек сауап қана деп ойлайды. Намаз оқымау ең үлкен күнәлардың бірі. Ішімдік ішуден де үлкен күнә. Хақ төрт мазһабтың үшеуінде намазды біле тұра әдейі тастаған адамның жазасы - өлім болып табылады. Бұл жаза намаздың маңызын көрсетуде.

Намаз бен оразаның қазасын зейнетке шыққанда өтесе де, кешіктіргені үшін харам істеген болады. Сонымен қатар бір ғибадатты уақытында орындау мен қазасын өтеудің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Рамазанда бір күн ораза ұстамаған адам оның орнына бір жыл ораза ұстаса, Рамазандағы сол бір күннің сауабына қауыша алмайды». (Тирмизи)

Намаз да ораза сияқты уақыты белгіленген ғибадат. Уақытында орындау керек. Бір уақыт намазды қазаға қалдыру үлкен күнә болады. Қазасы өтелсе де күнәсі кешірілмейді. Күнәсі кешірілуі үшін бұдан бөлек тәубе де ету керек.

Күннің тарихы...        Суэц каналының ашылуы

      Ақ теңіз бен Қызыл теңізді бірлестіріп, қажылық және сауда жолдарын жеңілдету үшін Сұлтан Абдулазиз ханның дәуірінде және оның Мысырлық Хидиуи (әкімі) Исмаил Пашаның ат салысуымен 25 сәуір 1859 жылы қазба жұмыстары басталған Суэц каналы 16 қараша 1869 жылы ашылды. 10 жыл, 6 ай, 25 күнге созылған қазба жұмыстарында 20 000 адам еңбек еткен. Ұзындығы 162,5 км, ені 68-100 м аралығында.