Untitled Document

Сұхбат... Намазға қатысты екі сұрақ, екі жауап

 

Сұрақ: Қолды кіндіктің үстіне қою сүннетке сай ма?

Жауап: Ханафи мазһабында намазда қолды кіндіктен төмен ұстау сүннет болып табылады. Хазреті Әлиден риуаят етілген хадис шәрифте былай делінеді: «Намазда оң қолды сол қолдың үстіне қойып, кіндіктің астына байлау – сүннет». (Әбу Дауд, И. Ахмед)

Барлық фиқһ кітаптарында намазда қол кіндіктің астына байланады делінген.

Дуррул Мухтар кітабында намаздың сүннеттерінің сегізіншісінде былай деп жазылған: «Ер адамдар оң қолды сол қолдың үстіне қойып кіндіктің астына байлайды. Хазреті Әли: «Қолды кіндіктің астына байлау – сүннет» деп білдірген. Намазда ер адам білегін бас бармағымен және кішкентай саусағымен ұстап, оң қолды сол қолдың үстіне байлайды және кіндігінің астында ұстайды. Қабылданған үкім осы». (Дуррул Мухтар)

«Нимәти Ислам» кітабында намаздың сүннеттерінің бесіншісінде былай дейді: «Ер адамдар оң қолды сол қолдың үстіне қойып кіндіктің астына байлайды». Осы сияқты үкімдерді барлық фиқһ кітаптарынан табуға болады.

 

Сұрақ: Намазда екі аяқтың арасын кең ашып тұру дұрыс па?

Жауап: Ханафи мазһабында намазда қиямда тұрғанда екі аяқтың арасын төрт саусақтай ұзақтықта ашу сүннет болып табылады. Мұны ХалебиРәддул Мухтар, Саадәти Әбәдия, Османдық Мизрақли илмихал, Әнисул-абидин секілді құнды кітаптардан көруге болады.

Ханафи мазһабында одан кең ашу дұрыс емес. Шафиилер бір қарыс көлемінде ашады. Ал бүгінгі мазһабсыздардың (уаһһаби, сәләфилердің) талтайып тұрулары ешбір өлшемге сай келмейді. Ондайлардан аулақ болуға тырысыңыз!