Сұхбат... Жұма күнiнің сүннеттері мен әдептерi
1 - Жұма намазына бейсенбi күнінен дайындалу.
2 - Жұма күнi ғұсыл алу.
3- Шаш алдыру, сақал бiр тұтамнан ұзын болса қысқарту, тырнақты алып, жаңа, таза киiм кию.
4 - Жұма намазына мүмкiндiгiнше ерте бару.
5 - Мешiтте алдыңғы қатарға өту үшін жамағаттың иығын аттамау.
6 - Мешiтте намаз оқып жатқан кiсiнiң алдынан өтпеу.
7 - Имам мiнберге шыққаннан кейiн сөйлемей хутбаны тыңдау. Хутба оқылып жатқанда сөйлегенге белгі беріп те жауап бермеу, азанды қайталамау және қол ашып дұға етпеу.
8 - Жұма намазынан кейiн Фатиха, Кафирун, Ихлас, Фалақ және Нас сүрелерiн жетi реттен оқу.
9 - Екiндi намазына дейiн мешiтте қалып ғибадат жасау.
10 - Әһли сүннет ғалымдарының дәрісіне немесе олардың кiтаптарын оқып отырғандарға қатысып тыңдау.
11 - Жұма күнiн толық ғибадатпен өткiзу.
12 - Жұма күнi көп салауат айту.
13 - Құран кәрiм оқу (Кәһф сүресiн оқу).
14 - Садақа беру.
15 - Әке-шешенi немесе олардың қабiрлерiн зиярат ету.
16 - Үйдегi асты ерекше әрi дәмді қылып даярлау.
17 - Көп намаз оқу. Қаза намазы болғандар намаздарының қазасын оқу керек.
Мойындарына парыз болмаса да әйелдердің Жұма немесе Айт намазына мешітке барып, ер адамдардың кіруіне, ғибадаттарына кедергі болуы күнә болады.