Насихат... А. Байтұрсынұлының насихаты
- Төңірекке қарасаң, түнерген бұлт әлі де бар. Түбі қандай болады деп болжамалық. Дауылды жауын ету қолымыздан келмесе де, үйімізді үй етіп, шашылмай қалудың қамын желік.
- Дүниенің төріне ұмтылғандар төрден орын алып жатыр. Ұмтылмағандар есікте қалып жатыр. Қалмайық десек, қарап жатпалық. Көп ісіне көп болып жабылайық. «Қолымнан не келеді?» деп қорынбайық. Ұлтыңа қызмет етуге ниет болса, жұмыс табылады.
- Көп жұмыстың ауыры да, жеңілі де болады. Қазақтың бітіп, тынып тұрған нәрсесі жоқ. Әркім әлінен келер жұмысын алсын. Жадымызда болсын, аз нәрсе көпке сеп болмақшы.
- Сәл демеу зорға сүйеу болады. Ұлы іс ұсақтан ұлғаяды... Ел үшін деген күштің ұлғаюына үлес қосу – қазақ баласына міндет.
Насихат ...Ислам ғалымдарының сөздері
- Адамдарға рахмет айтпаған кісі Аллаһу та’алаға шүкір етпеген болады.
- Жетістікке жетудің, табысты болудың шарты – қарапайым, кішіпейілді болу.
- Хараммен қоректенген денені тозақ оты жағады.
- Мұсылман – қолынан және тілінен ешкімге зияны тимейтін адам.
- Бұл заман адамдарға мейірімді болу заманы, ашулану заманы емес.
- Қарсыңдағы кәпір де болса өзіңді одан үстем көрме! Өйткені ертең не болатыны белгісіз. Маңызды болғаны – соңы.
- Мұсылманға тәкаппарлық, мақтаншақтық жараспайды.
- Сырат көпірінде алты нәрседен сұралады: иман, намаз, қажылық, зекет, ғұсыл және құл (кісі) ақылары.