Untitled Document

Мақал... Қызға қырық үйден тыйым

 

  • Әйелді табағынан байқа, баланы талабынан байқа
  • Қыз бақыты қырық құрақ
  • Әйелге ана, балаға дана деп қара
  • Қыз баланың қымбаты мен қимасы ұяты мен ибасы
  • Қызда қылық жоқ деме, момында былық жоқ деме
  • Әр әйелде болады мың сан қылық. Қылықтың ең жаманы жасандылық
  • Кербез қыз қартайғанын сезбейді
  • Жақсы әйелдің баласы да күтулі, жұмысы да бітулі
  • Әйелін сыйлаған, үйін сыйлаған, елін де сыйлай біледі.
  • Аналар туып жатқанмен, даналар күнде келмейді
  • Жақсы болса алғаның үйіңнен кісі кетпейді. Жаман болса алғаның шын досың да шеттейді
  • Ердің жақсысы елімен ойласады, Әйелдің жақсысы ерімен ойласады
  • Жақсы келін құрдасыңдай болар, Жақсы ұлың сырласыңдай болар
  • Суды құм бөгейді, дауды қыз бөгейді
  • Ердің асылы күшімен білінеді, Әйелдің асылы ісімен білінеді
  • Білімді әйел басыңа қарайды, Білімсіз әйел жасыңа қарайды
  • Ай мінбей атыңды мақтама, Жыл тұрмай жарыңды мақтама
  • Әйел жерден шыққан жоқ, Ол да еркектің баласы,
    Ерлер көктен түскен жоқ, Әйел оның анасы
  • Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас
  • Асығу-баланың ісі, Аттандыру-ананың ісі
  • Бақ қонатын адамның ұлы текті, қызы көрікті

Ақылды туған қыз, батыр туған ұлмен тең