Сұхбат... Бұрынғы патшалардан ғибрат ал! (2)
* Жаман қалаулардан және зұлымдықтан ерекше сақтан! Тіпті оларды ойыңа да алма! Ашуланған кезіңде өзіңе ие бол! «Мен басшымын, қалағанымды істеймін!» деген ойға түсіп қалма! Олай ойлау Аллаһу та'аладан ұзақ болудың белгісі.
* Қайырымдылық пен жақсы амалдарды көп жаса! Мал-мүліктің мәңгі қалатыны – ахиретке жарайтыны. Ниғметке шүкір етуші жандарды танып ал, оларды марапатта! Ал ниғметке шүкір етуді білмейтіндерге жақсылық жасама! Сатқынды сенімді адам ретінде қабылдама! Өз-өзіңді ұнатпа. Маңғазданып, тәкәппарланып жүрме!
* Қол астыңдағы адамдардың қажеттіліктеріне қарап жүр! Айлықтарын арттыр! Адамдарға жақсылық жасау, олардың қажеттіліктерін беру үлкен ниғмет. Мұны қолдан жіберіп алма!
* Бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма! Істегендеріңді міндетсінбе!
* Бір орынға адам тағайындайтын кезіңде тәжірибелі, маман болғанын таңда! Халықтың напақасы мәселесіне көп тоқтал! Бұл жайт өте маңызды. Жұмысыңа беріліп, осы мәселені ұмытып кетпе.
* Өткен уақыттан дәріс ал! Бұрынғы патшалардың хәлдерінен ғибрат ал!
Денсаулық...
Қатерлі ісік және спиртті ішімдіктер
Спиртті ішімдіктер – қатерлі ісік ауруын шақыратын ең үлкен факторлардың бірі. Сондай-ақ спиртті ішімдіктер бауырдағы цирроз және соған ұқсас аурулар жетіліп, рак жасушаларының пайда болуында немесе көбеюінде маңызды рөл атқаруда.
Мамандар түрегеп тұрып тамақ жеудің, протеин аздығының және спиртті ішімдік, темекі, есірткі заттар және тағы басқа себептердің қатерлі ісік санының арттырып жатқандығын мәлімдеуде.