Untitled Document

Сұхбат... Бұрынғы патшалардан ғибрат ал!

Абдуллаһ бин Тахир – Аббаси үкіметі заманында өмір сүрген, халықты керемет басқарған әкім еді. Ұлы Раққа қаласына әкім болып тағайындалғанда оған ұзақ насихат жазып, хат жолдады. Кейіннен бұл хат халифаның қолына түсті. Халифа ол насихаттарды ұнатып, көбейтіп, барлық әкімдерге жіберді. Ол хатта мемлекеттік қызметтегілерге пайдасы тиетін мынадай насихаттар жазулы еді:

* Әр уақытта Аллаһтан қорқып жүр! Оның бұйрықтарының тысында ештеңе істеме! Аллаһу та'аланың саған нәсіп еткен ниғметтерін ахиретке дайындалуда қолдан!

* Аса мән беруің қажет болған нәрсе – намаз. Жақсылап дәрет алып, шарттарына мұқият болып, бес уақыт намазыңды міндетті түрде уақытылы оқы! Намаз адамды жамандықтардан аулақ қылады. Өйткені «Анкәбут» сүресінде «Дұрыс оқылған намаз адамды фахшадан (зинадан, үлкен күнәлардан) және мүнкәрден (жамандықтан) міндетті түрде аулақ қылады» делінген.

* Қол астыңдағы адамдарға мейіріммен және қамқорлықпен қара! Олардың хақылары мен құқықтарын қорға! Бәрінің алдында әділ бол!

* Ғалымдардың қадірін біл! Әрдайым олармен ақылдас. Олармен ақылдаспай ештеңе істеме! Сен ғалымдарды құрметтесең, қол астыңдағы адамдар да саған құрмет пен қошемет көрсетеді.

* Қол астыңдағы адамдарды кінәсі нақты анықталмайынша кінәлама! Себебі жазықсыз адамдарды кінәлау үлкен күнә.

* Берген әр уәдеңді міндетті түрде орында! Баршаға жақсылық жасауға тырыс! Қол астыңдағы адамдардың кемшіліктерін, айыптарын байқамағансып жүр!

* Турашыл және қайырымды адамдарды жақсы көр! Оларға әрдайым көмектес! Мұқтаждарға жәрдем бер! Туған-туыстарыңмен араласып тұр!

(жалғасы ертең...)