Untitled Document

Сұхбат... Харам мүлік

Сұрақ: Жүз пайыз харамнан келген ақшаға мешіт салудың немесе қайырымдылық жасаудың дініміз тұрғысында зияны бар ма?

Жауап: Бұл туралы Ибн Абидинде және Қазы-зада Ахмед хазреттің «Биргиуи» өсиетнамасының шәрһінде былай делінген:

«Бір адам қолындағы анық харам мүліктен садақа берсе, сауап күтсе, алған кедей харам екенін біліп, берушіге «Аллаһ разы болсын» десе, берген немесе басқа бір адам «Әмин» десе, бәрі кәпір болады». Сонымен қатар Ибн Абидинде былай жазылған:

«Харам екені мәлім белгілі бір мүлікпен мешіт салдыру және басқа да қайырымдылық жасау және одан сауап күту күпірлік болады».

 

Харам жолмен келген зат мүлік болмайды

Сұрақ: Бір адам харам жолмен ақша тапса, оны напақа үшін қолдана алады ма және зекетін беруі қажет пе?

Жауап: Адамның толық мүлкі (иелігі) дегеніміз – халал жолмен келіп, қолдануы рұқсат және халал болған өз мүлкі деген сөз. Қордың заттары ешкімнің мүлкі емес. Бір адамның ұрлау, тартып алу, пара, құмар, алкогольді ішімдік сату жолымен және рұқсат болмаған жолмен сатып алған зат секілді харам мүлкі өзінің халал мүлкімен, яки әр түрлі адамдардан алған харам мүліктері бір-бірімен араласпаған болса, бұл харам мүлік ол адамның мүлкі (иелігі) болмайды. Оны қолдануы, напақасына жаратуы халал болмайды. Онымен мешіт салдыруға және оны басқа да қайырымдылыққа жұмсауға болмайды. Оның зекетін беру парыз болмайды. Яғни зекет нисабының есебіне қосылмайды. Мүлік иелері немесе мирасқорлары мәлім болса, өздеріне қайтарып беру парыз. Егер мәлім болмаса, онда бәрін садақа ретінде кедейлерге таратады, дегенмен кейіннен иесі шығып, қайтаруын талап етсе, қайтарады. Иесін тапқанға дейін сақтала алмайтын, бұзылып кететін затты өзі қолданып, кейіннен құнын өтеуі рұқсат болады.