Untitled Document

Сұхбат... Имам Раббанидың бір хаты (2)

Балам! Бүкіл жаратылыстардың ең қадірлісі, негізі болған адам рахаттану үшін, ойын-сауық, ішіп-жеу, қыдыру, жатып, ләззат ішінде өмір сүру үшін жаратылмады. Құлдық міндеттерін орындау үшін Жаратушысына бағыну, оны есте алып жүру, әлсіздігін, мұқтаждығын көрсету, Оған сыйыну үшін және жалбарыну үшін жаратылды. Мұхаммед алейһиссалам білдірген ғибадаттардың барлығы негізінде адамдарға пайдалы нәрселер. Адамдарға пайдалы болғаны үшін әмір етілген.

Әйтпесе, ешбір ғибадаттың Аллаһу та’алаға пайдасы жоқ. Шын ықыласпен алғысымызды, шүкірімізді білдіріп ғибадат етуіміз керек. Толығымен бағынып, әмірлерді орындауға және тиымдардан аулақ болуға тырысуымыз керек. Аллаһу та’ала ешнәрсеге мұқтаж болмаса да, құлдарына әмір мен тиымдар беру арқылы оларды мәртебелендірді. Барлық нәрсеге мұқтаж болған біз сияқты құлдардың осы үлкен сыйға көп көп шүкір етуіміз керек, ол үшін әмірлерді орындауға жан-тәнімізбен кірісуіміз керек.

Ей, ұлым! Өзің де жақсы білесің, бұл өмірде кім абыройлы, мансапты болса, үлкен қожалық иесі болса, қол астындағы қызметшілерінің біріне маңызды бір жұмыс тапсырса, бұл тапсырманың әмір етіп тұрған адамға ғана пайдасы бола тұра, қызметшісі осы міндетті орындауды қаншалықты маңызды деп санап мән береді! «Бұл жұмысты маған үлкен адам тапсырды» деп мақтанады және қуана-қуана, сүйсініп бұл міндетті орындауға тырысады, солай емес пе? Обал, обал! Сонда Аллаһу та’аланың ұлылығы, дәрежесі осы адамның ұлылығындай бола алмағаны ма? Адамдар Ислам дінінің талап еткендерін орындауға бұлай тырыспайды. (Аллаһу та’аланың әмірлерін өздеріне міндет деп білмейді, «Жұмысымыз маңызды! Алдымен жұмыс, кейін намаз» деген сияқты сылтаулар айтып жатады. Алайда, Аллаһу та’аланың әмірлері ең бірінші міндетіміз болуы керек).

(Мәктубат-73 хат, 115 бет)