Untitled Document

Сұхбат... Имам Раббанидың бір хаты (1)

Құрметті балам! Біз құлмыз. Жаратушымыздың әміріне бағыныштымыз. Бостан бос жіберілген емеспіз. Әр қалағанымызды орындауда ерікті емеспіз. Жақсылап ойланайық! Ұзақты көре алатын ақыл иесі болайық! Қиямет күні ұялудан, өкінуден басқа іс қалмайды. Жастық шақ – табыс табу уақыты. Нағыз ер жігіт осы уақыттың қадірін біліп, бұл мүмкіншілікті қолдан жіберіп алмайды. Қарттық әркімге нәсіп бола бермейді. Нәсіп болса да, рахат, қолайлы уақыт табыла қоймайды. Уақыт табылғанымен де қуатсыздық, әлсіздік кесірінен пайдалы іс атқарылмайды. Бүгін барлық жағдай бар кезде, шарттар орынды, ыңғайлы кезінде, үлкен ниғмет болған ата-анаңның да бар кезінде, күн көру киыншылығының жоқтығында, күш-қуатың бойыңда болғанда, осыншама мүмкіншілік қолда бола тұра қандай үзірмен, қандай себеппен бүгінгі жұмыс ертеңге қалдырылуы мүмкін? Пайғамбарымыз (салаллаһу алейһи уә сәлләм) «Ертең істеймін деген адам құрыды, зиян етті» деп бұйырған. Егер дүниелік істерді ертеңге қалдырсақ және бүгін тек ахирет істерін орындасақ тамаша болады. Бірақ бұның терісін істейтін болсақ өте жаман.

Адамды жастық шағында діннің үш дұшпаны – нәпіс, шайтан және жаман адамдар алдауға тырысады. Бұларға қарсы тұрып аздаған ғибадат ету өте құнды болады. Ал кәрілікте жасалған ғибадаттар, бұдан қанша есе көп болса да, мұншалықты құнды болмайды. Дұшпан шабуылдаған кезде әскердің аз ғана әрекеті өте құнды болады. Тыныштық заманында жасалған үлкен жаттығулардың, айла-әрекеттердің мұншалықты құндылығы болмайды.

 (жалғасы ертең)