Untitled Document

жалғасы... Құдай қаласа да, қаламаса да ұйықтаймын (2)

Біздің үйімізде ескі кітап болатын. 300-400 жылдай болып қалған. Құран кітап. Әкем марқұм мұқабасына Лениннің кітабының мұқабасын қаптап қойған екен. Мұқаба Лениндікі, ар жағы Құран. Солай жасырып сақтаған.  Соны кейін анам марқұм ақ матадан қалта жасап, бас жағымызға іліп қойған болатын. Сол қалып кетіпті. Қазған едік, күлдің арасынан шықты. Ештеме болмаған, от тимеген. Сөйтіп, Құранды қолына алып, тазалап тұрды да: «Ессізқағыр (ашуланғанда айтатын сөзі)! Сен де ми бар ма, жоқ па өзі? Сенің Құдайдай сеніп жүрген Ленинің қайда? (Лениннің мұқабасы өртеніп кеткен ғой). Менің ақ қалтам қайда? Егер де қасиетті болмаса қалайша Құран аман қалады? – деп ашуланып тұрып, басымнан кітаппен қойып қалды.

Сол кезде төбеден төмен қарай электр тогы жүріп өткендей күй кештім. Кәлимаға тілімді қалай келтіргенімді білмей қалдым. Жасым ол кезде 26-да тұғын. Заманның тәрбиесі болса да, содан кейін Құдай жоқ деп айтпайтын болдым. Айтып отырғаным ертегі сияқты көрінеді, бірақ бұл шындық».

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ

 

Денсаулық...Әрекетсіздік

      Отырып жұмыс істейтіндер немесе көлікпен жұмысына барып келетіндерде бұлшықеттері босап, тамырдың қатаюы және жүрек мазасыздықтары шығуы мүмкін. Тамақ ішу тек қажетті азықтарды жеумен ғана шектелмей, қалыпты түрде тамақтанғаннан кейін алынған азықтың жұмсалуы және міндетті түрде денеде қорытылуы керек. Бір орында отырып жұмыс істейтіндер өте көп жаяу жүрулері керек, ал бұны істей алмағандар болса, аурып қалудан қорғану үшін жеген тамағына мән беруі керек.