Untitled Document

Сұхбат... Намаздың iшiндегi парыздар (рүкiндер)

Намазға тұрғанда орындалатын бес парыз бар. Олардың әрқайсысын рүкiн деп атайды. Олар төмендегiдей:

1. Қиям: Намазды бастағанда тiк тұру.  Тік тұра алмайтын науқас отырып оқиды. Отырып оқи алмайтын адам жатып ишарамен оқиды.

2. Қыраат: Оқу деген мағынаға келедi. Намазда тұрғанда Құран кәрiмнен сүре немесе аят оқу. 

3. Руку: Қырааттан кейiн қолды тiзеге қойып иiлу. Рукуде ең аз үш рет «Субхана раббиял азыйм» деп айтылады. Рукуден тұрып жатқанда «Самиаллаһу лиман хамидаһ» деп, тiк тұрғанда «Раббана ләкәл хамд» деп айтылады.

4. Сәжде: Аяқ ұштарын, тiзе, қол, мұрын және маңдайды жерге тигiзіп жасалынатын амалға айтылады. Сәждеге барғанда кемінде үш рет «Субхана раббиял ала» деп айтылады.

5. Қада-и ахир: Намаз соңында Аттахият дұғасын оқитындай уақыт отыру. Мұны «соңғы отырыс» деп те атайды.

Намаздың қаншама үлкен iс және ғибадаттардың ең маңыздысы екендігін шарттарының көлемінен де байқауымызға болады. Сондай-ақ бұған уәжiп, сүннет, мүстаһаб, мәкрух, муфсидтер қосылатын болса, Раббының құзырында құлдың қалай тұру керектігі белгiлi болады. Құл – әлсiз, күшсiз, бейшара жаратылыс. Әрбiр алған демiнде өзiн жаратқан Аллаһу та’алаға мұқтаж. Ал намаз болса, құлдың осы әлсiздiгiн сездiретiн ғибадат.