Сұхбат... Намаз сыртындағы парыздар (шарттар)
1. Хадестен таһарат: Дәретi жоқ адамның дәрет алуы мен жүнiп болған адамның ғұсыл алуына айтылады.
2. Нәжістен таһарат: Намаз оқитын адамның денесiн, киiмiн және намаз оқитын жерiн ауыр және жеңiл нәжістен, яғни дiнiмізде кір саналатын нәрселерден тазарту. Мәселен: қан, зәр, спирт сияқты нәрселер нәжіс болып есептеледi.
3. Сатр-и аурат: Әурет жерді жабу. Әурет жерді жабу – Аллаһу та’аланың әмiрi. Ер адамдардың әурет жерi – кiндiгi мен тiзе астына дейін. Ал әйел кiсiлер үшiн бет және қолдың білектен төмен (алақан) бөлiгiнен басқа жерлерiнiң барлығы әурет болып есептеледi.
4. Истиқбал-и Қыбла: Намаз үшін Құбылаға қарап тұру. Мұсылмандардың құбыласы – қасиеттi Мекке қаласындағы Қағбаның тұрған жерi. Яғни сол ғимарат тұрған орын Құбыла деп аталады.
5. Уақыт: Намазды уақытында оқу. Яғни намаздың уақыты кіргенін бiлу және оқитын намазының уақытын ойынан өткізу.
6. Ниет: Намазға бастарда көңiлмен ниет ету. Тек ауызбен айту ниетке жатпайды. Намазға ниет ету сол намаздың атын, уақытын, құбыланы, намаз жамағатпен оқылатын болса имамға ұюды көңiлден өткізу болып саналады. Ниет тахрима тәкбiрінің алдында етіледі. Тәкбiр айтып қойылғаннан кейiн ниет ететiн болса, ниетi де, намазы да дұрыс болмайды.
7. Тахрима тәкбiрі: Намазды бастағанда «Аллаһу әкбар» деп айтады. Бұл тәкбiр ифтитах тәкбiрi деп те аталады. «Аллаһу әкбардың» орнына басқа сөз айтылатын болса, тәкбiр айтылған болып саналмайды.