Untitled Document

Сұхбат... Ешкім соңғы деміне сенімді болмасын

Шынайы мейрам төрт-бес жерде емтиханды тапсырғаннан кейін ахиретте болады. Солардың біреуі – өлім жағдайы. Пайғамбарымыз алейһиссалам ант етіп былай деген:

«Бір мүмин өмірі бойы жәннаттық амал істейді және жәннатқа кіруіне бір зра ғана, яғни 40-50 сантиметр қалған. Сол жерде бір қателік істейді де, тозаққа кіреді. Бір кәпір 80 жыл күпір етеді, 80 жыл Жаратқанды мойындамай өтеді, оның тозаққа кіруіне бір зра қалған. Ол да тәубе етіп, калима-и шаһадат айтып, ешбір күнәсіз жәннатқа кіреді».

Олай болса, Ашәрә-и мубәшшәрадан (жәннатпен тірі кезінде сүйіншіленген он кісіден) басқа ешкім соңғы деміне сенімді бола алмайды. Әрдайым ояу көкіректі болу, мұқият болу қажет. Иманды басымызда отырған ұшып кететін құс деп біліп, ұшырып аламауға тырысуымыз керек.

Екіншісі, қабір жағдайы. Ол қабірде сұрақтар болады, шатасу болуы мүмкін, Аллаһу та'ала сақтасын! Онда қай амалдарымызбен жеке қаламыз, соған дайындалу керек. Махшар майданында күн бір найза бойындай төмендейді. Дегенмен сүйіншілер бар. Мүминдерге бұл мерзім екі рәкат намаз оқитындай уақытқа созылады. Көлеңкенің астында болады, бірақ бұл сүйіншілер иманмен жан тапсырғандарға ғана қатысты.

Сырат көпірі бар. Оңай емес, ол жерде жеті сұрақ бар. Пайғамбарымыздың айтуынша, жетінші сұрақтан пайғамбарлар да қорыққан. Бұл жеті сұрақ иман мен Әһли сүннет сенімі, ораза, намаз, қажылық, зекет, ғұсыл алу. Жетіншісі, құл (кісі) ақысы. Осы құл ақысынан бәріміз қатты қорқуымыз қажет.