Untitled Document

Мақала ... Бос уақыт

Адам дүниеге ойын-сауық пен көңіл көтеру үшін келмеген. Дүние – жұмыс және табыс жері, ахирет үшін егіс орны. Мұнда не ексең, ахиретте соны орасың. Бос уақыт – құны жоқ олжа, қолайлы мүмкіндік. Пайдалы іс жасамай уақыт өткізу уақытты өлтіру деген сөз. Дүниеде жасалған әрбір істің, жұтқан әрбір демнің есебі қияметте сұралады.

Хадис шарифте былай делінеді:

«Қиямет күні бүкіл адамдар, өмірін және жастығын қайда өткізгендігінен, малын қайдан тауып, қайда жұмсағанынан және ілімімен амал еткен-етпегенінен сұраққа тартылады». (Тирмизи) 

Өмір, ілім, мал-мүлік және дене – Аллаһу та’аланың құлдарына берген капиталы. Бұл капиталды Аллаһу та’ала бұйырған жерлеріне жұмсау керек. Уақыт өткеннен кейін өкінудің пайдасы болмайды. Сондықтан жастықтың, мал-мүліктің, денсаулықтың қадірін білу керек, дүниеде ахиретте табысқа жететіндей өмір сүру керек.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Бес нәрсе келмей тұрып бес нәрсенің қадірін біл! Кәріліктен бұрын жастықтың, ауырмастан бұрын саулықтың, жұмыс шықпастан бұрын бос уақыттың, кедейліктен бұрын байлықтың, өлімнен бұрын өмірдің қадірін біл!» (Әбу Нуайм)

Ш.Уәлиханов

Шоқан Уәлихановтың айтуынша, Абылайдың он екі әйелі, қырық қызы, отыз ұлы болған. Ұлдарының ішінде бізге белгілілерін атап өтсек: Қарақалпақ бегінің қызы Сайман ханымнан — Уәли, Шыңғыс (Шоқанның әкесі), Әділ, Есім; Қашғар бегі Кенже сарттың қызы Бабақ ханымнан — Шеген, Рүстем, Оспан, Сыздық, Әбітай, Әбділда; Қалмақ ханы Қалдан Сереннің қарындасы Топыш ханымнан — Қамбар мен Қасым (Кенесарының әкесі); Сарғалдақ қожаның қарындасынан — Тоқ, Қасым, Арық; Атығай-Қарауылдың қызы Тоқта ханымнан — Сығай, Тоғай, Сүйік, Әли, Құлан, Тоғым; тұтқын болып келген орыс сұлудан — Шама; басқа әйелдерінен — Ғұмыр, Байыр, Жәңгір, Сыпатай. Әзірге осы 26 ұлы ғана белгілі болып отыр.