Untitled Document

Ғибрат... Бұл кітаптарды үйден шығар!

Ачикбаш Махмуд (рахметуллаһи алейһ) – Анадолы әулиелерінен. 1600 жылдары өмір сүріп, Бурса қаласында қайтыс болған. Ол бір күні көршісі әрі шәкірті болған жас жігіттің үйіне қонаққа барады. Үйіне барғанында әлгі жігіттің бөлмесіндегі кітаптарды көріп: 

- Балам бұл кітаптарды үйден шығар, - деп ескерту жасайды. Жас жігіт: 

- Не үшін ұстаз?- деп сұрайды. Ұстазы:

- Ол кітаптардың барлығы зиянды,- дейді.

«Бірақ ұстаз...» дей бергенінде хазреті Махмуд:

- Сен мені тыңда балам. Бұл кітаптарды үйіңде қалдырма!- дейді. Шәкірті:

- Жарайды ұстаз, бүгіннен қалмайды- деп, айтқанын істейтінін білдіреді. Дегенмен ол кітаптарды қимайды. Ұстазының сөзі жерде қалмасын деп 1-2 кітапты сол күні түнде тастап, ұйықтайды. Ұйықтауымен-ақ Махмуд хазретті түсінде көреді. Түсінде ұстазы: «Әлгі кітаптарды тастадың ба?» деп сұрайды. Қорыққанынан ұйқысынан шошып оянады. Кейін дәрет алып, намаз оқып, қайтадан ұйықтайды. Ұйықтауымен тағы да ұстазын түсінде көреді. Бұл жолы әуелгіден де ашулы күйде: «Әлі тастаған жоқсың ба кітаптарды?» дейді. Қорыққанынан төсегінен атып тұрып, кітаптарының барлығын тастайды. Ертеңіне таңертең есігі қағылады. Есікті ашқанында ұстазы Махмуд хазрет күлімдеп: «Әлгі кітаптарды тастадың, иә?» деп сұрайды. Шәкірт: «Иә, тастадым» дейді. Махмуд хазрет қолындағы кітапты созып: «Ол кітаптардың орнына саған мына кітапты әкелдім. Бұл кітапты әһли сүннет ғалымы жазған. Осы кітаптың өзі жетеді саған» дейді. Кейін жас жігітке насихат айтады: «Балам, кездейсоқ қолыңа түскен 100 кітапты оқығаннан гөрі, дұрыс жазылған бір кітапты жүз рет оқы!»- дейді. Бұл насихат жігіттің жадында сақталады. Іштей қайталап та жүретін болды: «Кездейсоқ қолыңа түскен 100 кітапты оқығанша, дұрыс жазылған бір кітапты жүз рет оқы!»