Untitled Document

Сұхбат... Әмри маруф (2)

«Ахи Чәләби «Хәдия» атты кітабында: «Әмри маруф жасау – парыз. Бірақ бұл фитнәнің (бүліктің, келіспеушіліктің, жанжалдың) шығуына жол ашатын болса, әмри маруф жасалмайды» деген». (Хадиқа)

«Хиндия» атты фәтуа  кітабында: «Күнә жасаған адамға жұмсақ сөзбен насихат етіледі. Тыңдамаса, фитнә шығатын болса, үндемей қоя салу керек. Жаман сөз айтпау керек» делінген.

Фитнә – бүлік, арандатушылық, жөнсіздік, адамды хақ пен ақиқаттан тайдыратын нәрсе деген мағыналарға келеді. Адамдардың басына бәле әкелетін, қиыншылыққа түсіретін, мұсылмандардың зиян көруіне себеп болатын істер, дұшпандыққа себеп болатын нәрселер, яғни исламның атына кір келтіретін нәрселер фитнәға жатады. Құран кәрім мен хадис шәрифтерде фитнаға себеп болудың жамандықтары ашық білдірілген және фитнадан ұзақ болу әмір етілген.

Құран кәрімде: «Фитнә адам өлтіргеннен де жаман» (Бақара 191) делінген. 

Өзіміз дініміздің білдіргеніндей әмри маруф жасай алмасақ, әмри маруф жасағандарға қандай да бір жолмен көмектесу керек. Мысалы, бір дұрыс дін кітабын алып, біреуге беру де әмри маруф болып саналады. Ешбір көмек көрсете алмаған адам дұғамен көмектесуге тырысқаны жөн.

Тағы бір мәселе, әркімге бір насихат айтудан бұрын көбірек өзімізге әмри маруф жасауымыз керек. Өзіміздің қатемізді көріп, түзетуге тырысуымыз қажет. Дінімізде көрсетілген жақсы мінез-құлықпен мінезделіп, жақсы іс-әрекеттерімізбен адамдарға үлгі болуға тырысуымыз керек. «Лисани хал лисани қалден әнтақ». Яғни адамның халі мен іс-әрекеті, сөзінен де әсерлі болады деген даналық сөз бар. Тарихта мұсылмандардың көркем мінез-құлықтарына, адал тұрмысына қарап дұрыс жолды тапқандар көп болған.