Сұхбат... Әмри маруф (1)
Сұрақ: Әмри маруф жасау парыз. Бірақ біреудің қатесін айтсақ, сенің не жұмысың бар, деп жауап береді. Бұл парызды жасамау жауапкершілігінен қалай құтылуға болады?
Жауап: [Адамдарға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсіндіруді дінімізде «әмри маруф» (жақсылықты насихаттау) және «нәхи әнил мүнкәр» (жамандықтан қайтару) делінеді].
Әмри маруф жасау парыз айн емес, «парыз кифая» болып табылады, яғни барлық адамға бірдей парыз болатын амал емес. Халық арасында әмри маруф жасап жатқан бірнеше адам бар болса, қалғандары жауапкершіліктен құтылады. Әмри маруф пен нәхи әнил мүнкәрдің қағидасы (өлшемі) мынадай:
Үкімет (мемлекет) күш қолдану, тәртіп орнату арқылы, ғалымдар сөзбен және жазу арқылы, ал қалған мұсылмандар жүрекпен, дұғамен жасайды және мүмкіндігіне қарай ғұламалардың кітаптарының жайылуына өз септігін тигізу арқылы да жасайды. (Хазреті Абдұлғани Наблуси, Қазы Зада Ахмед)
Сөзімізді тыңдайтындығы нақты белгілі болса, күнә жасап жатқандарға әмри маруф жасалады. Ал егер күнә жасап жатқан адам жұмсақ сөзбен айтылған насихатты тыңдамайтын болса, фитнә да шығатын болса, ол адамға әмри маруф жасалмайды. Қарсылық көрсететін адамға және діннен суып қалуы мүмкін болған адамға әмри маруф жасалмайды.
Мұсылман адамның Аллаһу та’аланың әмірлеріне мойынсұнуы керек, күнә және қылмыс жасамауы керек. Фитнәнің шығуына себепші болмауы керек. Барлық адамға жақсылық жасап, ешкімнің ақысын, құқықтарын таптамауы керек. Ешкімге зұлымдық жасамауы керек. Ислам дінінің әдемі, көркем мінез-құлқын (ахлақын), абыройын барлық жерде барлық адамға көрсетіп жүруі керек. Әр халықтың санасында ислам дініне деген сүйіспеншілікті оятып, ислам дініне құрмет көрсетуіне себепкер болуы керек. (Ислам ахлақы)
(Жалғасы ертең...)