Untitled Document

Cұхбат... Дінімізде білімнің маңызы

Білім үйренудің маңызы, құндылығы өте көп. Құран кәрімде «Білмесеңдер, әһли зікірден (ілім иелерінен, ғалымдардан) сұраңдар» делінген. (Әнбия 7)

Аяти кәримадағы «зікір» сөзі білім дегенді білдіреді. Бұл аяти кәрима білмейтіндердің ғалым тауып солардан сұрап үйренуін әмір етуде. (Хадиқа)

Құран кәрімде былай делінеді:

«Аллаһ иман еткендерді көтереді. Ал ілім берілген мүминдерді (жәннатта) қат-қат дәрежелерге көтереді». (Мужадәлә 11)

«Оларға айт, білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма? Білетін адам әлбетте қадірлі». (Зумәр 93)

«Құлдары арасында Аллаһу та’аладан ең қатты қорқатындар – ғалымдар.» (Фатр 28)

Хадис шәрифтерде де былай делінген:

«Білім үйрену әйел-еркек әр мұсылманға парыз». (Бәйһақи)

«Бесіктен мазарға дейін білім үйренуге тырысыңдар!» (Шира)

«Білім – Исламның өмірі, иманның тірегі». (Әбушшәйх)

«Ешкім сауатсыздығымен құрметті, ал ілімімен масқара болмайды». (Аскери)

«Бос уақытын ілімге жұмсаған адам құтылады». (И. Мауарди)

«Салих ғалымдардан болыңдар, егер салих ғалымдардан болмасаңдар, сондай ғалымдардың сұхбатына қатысыңдар, сендерді хидаятқа (тура жолға) қауыштыратын, адасушылықтан алыстататын ілімді тыңдаңдар!» (И. Мәуарди)

«Қай жерде ілім бар болса, сол жерде мұсылмандық бар». (С. Әбәдия)

«Ілім – менің және басқа да пайғамбарлардың мирасы. Кім маған мирасшы болса, жәннатта менімен бірге болады». (Дәйләми)

«Аллаһ масқара қылғысы келген құл ілім мен әдептен мақұрым қалады». (Ибн Нәжжар)

Хазреті Әли былай деген: «Ілім мал-мүліктен қайырлы, өйткені мал-мүлікті сен қорғайсың, ал ілім сені қорғайды. Мал-мүлік жұмсаумен азаяды, ал ілім жұмсау арқылы көбейеді».