Денсаулық... Жүрек ауруының себепшілері
Теледидар көру: Тұрақты түрде дене жаттығулары жасалғанның өзінде сағаттап теледидар алдында отыру жүрек ауруы және сал ауруына шалдығу ықтималдығын арттырады.
Депрессияны елемеу: Стресті, агрессивті және депрессиялы болсаңыз мұның жүрекке тигізер зияны едәуір болуы мүмкін.
Қорылдау: Кішігірім келеңсіздік деп қаралуы мүмкін. Бірақ ұйқы жайсыздығының ескертуі.
Тіс еті аурулары: Жүрек ауруларында себебі анықталмаса да қатысы бар.
Жалғыз өмір сүру: Басқалармен араласу, қарым-қатынас құру салауатты өмір сүрудің бұлжымас бөлігі.
Денеге шамадан артық күш салу: Спортпен шұғылдану кезінде денеге шамадан тым артық күш салу және толығымен тастап кету зиянды.
Спиртті ішімдік: Спиртті ішімдіктердің жоғары қан қысымына себеп болатындығын білмейтін адам қалмады. Спиртті ішімдіктердің салдарында пайда болатын артық салмақ та жүрек саулығына кері әсер етеді.
Тым көп тамақ жеу: Аз жеу керек. Шекерлі сусындардың орнына қарапайым су ішу керек. Нан және ұн өнімдерін азайту керек. Шекер, май және калорий көлемі тым жоғары азықтардың азықтық құнарлығы төмен болады.
Темекі: Темекі шегу жүрек үшін басты пәлекет.
Тұз: Неғұрлым тұз көп тұтынылса, қан қысымы да соғұрлым арта түседі.
Жүрекке ең пайдалы нәрсе диета, жеміс-жидек және көкөністер.
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран кәрім аяттары, хадис шәриф мағыналары, діни мағлұматтар, ұлы тұлғалардың есімдері және тәбәрік атаулар болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.