Сұхбат... Хазреті Әли жеткізген дұғалар
Сұрақ: Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тікелей хазреті Әлидің өзіне үйреткен дұғалар бар ма?
Жауап: «Мәнақиб-и Чихар Йар-и Гузин» кітабында пайғамбарымыздың хазреті Әлиге былай дегендігі жеткізілген:
«Йа, Әли! Ұйықтамақшы болғаныңда истиғфар айт. Субханаллаһи уәлхамдулиллаһи уә лә илаһа иллаллаһу уаллаһу әкбар уә лә хаула уә лә қууата илла биллаһил алийил азыйм деп оқы және Қул һуаллаһу ахад (Ихлас) сүресін оқы – ол Құран кәрімнің нұры. Саған Аят-ул күрсиді оқу мойныңа міндет болсын, оның бір әрпінде мың берекет, мың рахмет бар. Кімде-кім «Мүлік» сүресін жатар кезінде оқып, Аллаһумма а’симни бил ислами қаимән уә а’симни бил ислами рақидән уә лә тушәммитни адуввән уә лә хасидән, Аллаһумма инни әузу бика мин шәрри нәфси уә мин шәрри кулли даббәтин әнтә ахизун бинасиятиха уә әсәлука минәл хайри куллиһи дейтін болса, Аллаһу та'ала жын мен адам зиянынан және барлық жаратылыстың зиянынан оны қорғайды.
Йа, Әли! Саған мұң басқанда Субханака рабби лә илаһа илла әнтә алейкә тәуәккәлту уә әнтә раббул аршил азыйм дұғасын оқы. Мына дұғаны оқы, оны Жәбрейіл алейһиссалам маған үйреткен: Аллаһумма инни әсәлука афуа уәл афията фиддини уәддунйа уәл ахирата.
Йа, Әли! Кімде-кім күнде жиырма бес рет Аллаһумма бәрик ли филмәут уә фи мә бәдәл мәути деп оқыса, Аллаһу та'аланың оған дүниеде берген ниғметінің есебі жоқ.
Йа, Әли! Күнде он рет Әлхамдулиллаһ қаблә кулли әхадин уә әлхамдулиллаһи ба’дә кулли әхадин уәлхамдулиллаһ йабқа раббуна йафна кулли әхадин уәлхамдулиллаһи алә кулли халин десе, Аллаһу та'ала ол кісіні, үлкен күнәсі болса да, кешіреді».