Сұхбат... Аза тұту (2)
Бүкіл хадис кітаптарында пайғамбарымыздың өлінің артынан айқайлап жылаудың өлген адамға азап беретінін айтқаны жазылған. Бұл хадис шәрифтерден кейбірлері мыналар:
«Мәйіт өз жақындарының артынан айқайлап жылауынан азап шегеді». (Мүслим)
«Аза тұтқан адам өлуден бұрын тәубе етпейтін болса, қияметте ауыр азап шегеді». (Мүслим)
«Өлген адамға аза тұту адамды күпірлікке жетелейді». (Мүслим)
«Қайтыс болған адамның артынан айқайлап жылағанға да, оны тыңдағанға да лағнет болсын». (Әбу Дауд)
«Қайғырғанда киімін жыртатын, айқайлап ойбайлайтын адам бізден емес». (Бұхари)
«Қайтыс болған адам үшін зар еңіреп жылаған әйелге Аллаһтың, періштелердің және бүкіл адамдардың лағнеті болсын». (Табарани)
«Рахмет періштелері өлінің артынан айқайлап жылаған адамдарға дұға етпейді». (И.Ахмед)
«Пәлекетке ұшырағанда шаштарын жұлатын, киімін жыртатын, айқайлап жылайтын адам бізден емес». (Нәсаи)
Аза тұту, айқайлап қайғыру ең алғаш Мухтар Сәқафи тарапынан шыға бастады. Бұл бидғат уақыт өте ғибадаттай жайыла бастады. Алайда Мухтар Сәқафи мұны Куфа халқын алдап, оларды Омаядтарға қарсы соғысқа шығару, осылайша билікті қолға алу үшін айла ретінде жасаған.
Алғашқы ислам шәһиді хазреті Ясер және жұбайы Сүмәйя ханым еді. Расулуллаһ алейһиссаламның сүйікті көкесі хазреті Хамза да қайғылы түрде шәһид болған. Пайғамбарымыз шәһид болған хазреті Ясер мен жұбайының, хазреті Хамзаның шәһид етілген күндерінде және сол күндердің жылы өткенде мүлдем аза тұтпады. Азалы болуға тыйым салды.
Аза тұтуға тыйым салынбағанда, бәрінен бұрын яһуди әйелдің Хайбарда ұсынған улы тамағының жылдар өткеннен кейін әсері тиіп шәһид болған пайғамбарымыздың қайтыс болған күнінде аза тұтылатын еді.