Сұхбат... Аза тұту (1)
Ислам діні адамдарды жамандау және жыл сайын белгілі күндерде аза тұту (траур) діні емес. Аза тұтудың рұқсат екенін көрсететін ешқандай аят пен хадис жоқ. Қайғылы оқиғаларға байланысты жыл сайын аза тұтудың ислам дініне ешқандай қатысы жоқ. Дінімізде ондай аза тұту, азалы жүру күнә болғандықтан, қайтыс болған немесе шәһид болған ислам ғұламаларының ешбірінің артынан аза тұту рұқсат болмайды.
«Өлген адам үшін дыбыссыз жылау рұқсат. Өйткені «Мүминнің өлімінде аспан жылайды» делінген». (Шәрһ-ус-судур)
«Қайтыс болған адам үшін дауыс шығарып, айқайлап жылау, аза тұту, қара киім кию, қара түсті перделер және белгілер ілу, азалы екенін көрсететін ишаралар тағу, суретін алып жүру рұқсат емес». (С.Әбәдия)
«Мәйітті және мәйіт шыққан жерді қара түсті нәрселермен орау, қара түсті киімдер кию жаиз емес». (Хазанат-ур-риуаят)
Қайтыс болған адамның артынан туыстарының 6 ай немесе бір жыл тойға бармай, көшеге шықпай, шашын өрмей немесе қара киімін тастамай жүрулері Исламнан бұрыңғы дәуірлердегі пұтқа табынатын араб тайпаларының әдеті еді. Оны бір мұсылман істейтін болса, өзі де үлкен күнә істеген болады, қайтыс болған туысын да қинаған болады.
Әбу Сәләмәның қызы хазреті Зейнеп былай дейді: Расулуллаһтың жұбайы Умму Хабиба анамыздың әкесі қайтыс болғанда, көңіл айтуға барғанымда былай деді: «Расулуллаһтың «Аллаһқа және ахирет күніне сенген әйелдің қайтыс болған жақыны үшін үш күннен астам азалы жүруі халал емес» дегенін естідім». Жаһш қызы Зейнептің бауыры шәһид болғанда, ол да дәл осылай айтты. (Бұхари)
«Дініміз ниғметтерге шүкір етуді, ал қиыншылықтарға сабыр етуді және шағымданбауды әмір етуде. Бала туылғанда ақиқа малы сойылатынын білдірген. Қайтыс болғанда мал союды немесе басқа бір нәрсе істеуді әмір етпеген. Айқайлап жылауға, азалы болуға тыйым салған». (Әс-Сират-уш-Шамия)