Untitled Document

Ғибрат... Дінді дүниелік үшін пайдаланған адамның соңы

Мұса алейхиссаламның дәуірінде бір кісі адамдарға: «Менімен Кәлимуллаһ Муса сөйлеседі. Мен сафиуллаһ Мұсаның жақын туысымын» деп Муса алейһиссаламның есімін пайдаланып, дүниелік табыстарға қол жеткізетін. Бір күні бір кісі Мұса алейһиссаламға мойнына қара жіп байланған бір шошқаны алып келіп: «Ей Аллаһтың пайғамбары! Пәлен кісіні танисың ба?» деп сұрайды. Мұса алейһиссалам: «Ол туралы естігенмін» деп жауап береді. Әлгі кісі: «Сол адам міне мына шошқаға айналды» дейді. Мұса алейһиссалам оның неліктен шошқаға айналғанын өзінен сұрау үшін Аллаһу та’аладан оны алдыңғы халіне қайтаруды сұрайды. Сол кезде Аллаһу та’ала Мұса алейһиссаламға: «Ей Мұса! Адам алейһиссаламның және одан кейін келген пайғамбарлардың дұғаларымен дұға етсең де ол кісіге жасаған дұғаңды қабыл етпеймін. Бірақ мен саған оны не үшін осындай күйге түсіргенімді білдірейін. Ол сенің есіміңді қолданып, адамдарға өзін саған жақын туыстай таныстырып, дүниелік табыстарға қол жеткізгендіктен, дүние жинау үшін дінін сатып күнелткендіктен оны осы күйге түсірдім» дейді.

Сұхбат...Пайғамбарымыздың шапағаты

Сүйікті пайғамбарымыз ахиретте 6 түрде шапағат етеді:

1) Мақами Махмуд деп аталатын шапағатымен бүкіл адамдарды махшар алаңында күту азабынан құтқарады.

2) Шапағатымен көптеген адамды есепсіз жәннатқа кіргізеді.

3) Азапталуы керек болған мүминдерді азаптан құтқарады.

4) Күнәсі көп болған мүминдерді тозақтан шығарады.

5) Сауабы мен күнәсі тең болып, Араф деген жерде күткен адамдардың жәннатқа кіруі үшін шапағат етеді.

6) Жәннатқа кіргендердің дәрежелері көтерілуі үшін шапағат етеді. Шапағатпен есептен құтқарылған 70000 мың адамның әрбірінің шапағатымен де 70000 адам есепсіз жәннатқа кіреді.