Untitled Document

Тарихи дерек... Ең алғаш мұсылмандар ашқан ғылыми жаңалықтар (2)

● Токарлық станок түрін алғаш жасаған ғалым – Ибн Қарара.
● Қанатпен ұшқан алғаш ғалым – Хазерфен Ахмед Челеби.
● Алғашқы ұшақты жасаған ғалым – Әбу Фирнас.
● Жердің тартылыс күшін анықтаған ғалым – Рази.
● Маятникті (тербеліп тұратын сырықты) сағатты алғаш рет жасаған – Ибн Юнус.
● Заттардың меншікті салмағын алғаш есептеген ғалым – Хазини.
● Атомның бөлшектеле алуын алғаш анықтаған ғалым – Жабир бин Хаян.
● Кемпірқосақ түзілуіне алғаш түсініктеме берген ғалым – Құтбеттин Ширази.
● Алғашқы химия лабораториясын құрған ғалым – Жабир.
● Фосфорды алғаш тапқан ғалым – Бәшир.
● Зеңбіректі алғаш тапқан ғалым – Фатих Сұлтан Мехмед хан.
● Алғаш құрлықтарға саяхат жасау жайында жазған ғалым – Ибн Баттута.
● Алғаш әлем картасын сызған ғалым – Мүрсиели Ибраһим.
● Алғашқы дәрі-дәрмектер жайындағы кітапты жазған ғалым – Ибн Байтар.
● Алғашқы қағаз шығаратын фабриканы ашқан ғалым – Ибн Фазыл.

Сұхбат...Дүние махаббаты

Сәлжұқ патшасы Сұлтан Рукнәддин бір адамы арқылы хазреті Мәуланаға бір дорбашық алтын сыйлық жібереді. Хазреті Мәулана сыйлықты әкелген адамға: «Қолыңдағыларды мына лайға таста!» - деп бұйырады. Әлгі адам еш саспастан: «Айтқаныңыз болсын» - дейді де, алтындарды лайға тастай салады. Бұл оқиғаны көргендер мен естігендер бірден сол жерге асыға жөнеледі. Бір алтын ала алу үшін барлығы өздерін лайға тастады. Хазреті Мәулана шәкірттеріне сол адамдарды көрсетіп: 

- Міне, дүниеге деген махаббат та осындай. Дүние жүректерге кірсе осылай ластайды,- дейді. Шәкірттерінің біреуі:

- Ұстазым, сонда дүние үшін жұмыс істемейік пе? - деп сұрағанында:

- Жоқ, олай емес. Керісінше мұсылман еңбекқор болуы керек. Дүние үшін жұмыс істеңдер. Бірақ жүректеріңде оған деген махаббат болмасын.