Untitled Document

Күннің тарихы... Имам Ахмед бин Ханбәл

Имам Ахмед бин Ханбәл Шайбани Мәрузи (рахметуллаһи алейһ) хижраның 164 (м.780) жылы Бағдатта дүниеге келді. Хижраның 241 (м.855) жылы сол жерде қайтыс болды. Хадис және фикһ ғылымында имам болды. Сүннеттің ақиқаты мен нәзік мәселелерінде нағыз маман еді. Тақуалықпен танылған тұлға болған. Хадис шәриф жинау үшін Куфа, Басра, Мекке, Мәдина, Йемен, Шам және Алжирге барды. Имам Шафииден фикһ ілімін үйренді. Ол одан хадис алды. Ибраһим Харби: «Ахмед ибн Ханбәлді көрдім. Аллаһу та’ала барлық ғылымды соның бойына дарытқан еді» дейді. Қутайба бин Саид: «Имам Ахмед бин Ханбәл, Сәури, Әузаи, Малик және Ләйс бин Са’д дәуірінде өмір сүргенде, олардан жоғары болар еді. Ол бір миллион хадис жаттаған» дейді. 

     Имам Шафии оған Мысырдан хат жібереді. Оны оқып жылайды. Себебін сұрағандарға: «Түсінде Расулуллаһты көріпті. Пайғамбарымыз: «Әбу Абдуллаһ Ахмед бин Ханбәлге хатпен менен сәлем айт. Құран кәрімнің жаратылған зат екендігі туралы одан жұрттар сұрайды. Жауап бермесін» деп бұйырыпты» дейді.

            Әһли сүннеттің төрт мазһаб имамы хадис арқылы мадақталған, екінші ғасырдың  ең ұлы адамдары болып табылады. Төртеуі де «Ихсанда оларға (сахабаларға) таби (бағынған) болғандардан Аллаһу та’ала разы» деген аяттағы бақыттылар қатарына жатады. Кез келген мұсылман осы имамдардың бірінің мазһабына, жолына бағынбай хадисте «өтіріктер таралады» деген ең жаман дәуірлердегі сауатсыз және төменгі адамдар арасынан бірінің айтқанына ерсе, бұл оның ақылсыздығын көрсетеді. Аллаһу та’ала «Улул-әмрге бағыныңдар!» деп бұйырды. Улул-әмр – «ғалымдар не болмаса ғалымдардың үкімін орындайтын үкіметтер» деп тәфсирленген. Екі тәфсир бойынша да, мазһаб имамдарына мойынсұну уәжіп болып тұр. Мутлақ мужтаһид болмаған ғұламалардың да белгілі бір мазһабты ұстанулары шарт болған муқаллидке жататынын усул ғалымдары бірауыздан білдірген.