Сұхбат........ Ұмытылған немесе қалып кеткен кейбір парыздар мен сүннеттер (2)
Халқымыздың бір бөлігі өкінішке орай тастап қойған кейбір парыздар бар, олар төмендегілер:
1) Дұрыс сенімге ие болу (әһли сүннет сенімін үйрену).
2) Парыздарды және харамдарды үйрену (бұларды білмейтін адам үнемі күнә істеп жүреді).
3) Халал табыс тауып, халал ішіп-жеу.
4) Намаз оқу және ұшыр (егіннің зекетін) беру.
5) Ата-анаға жақсылық жасау.
6) Аллаһтың ризыққа кепіл екеніне сену.
7) Тәуекел және қанағат ету.
8) Аллаһу та'аладан келген жазымға, бәле-жалаға сабыр ету, яғни қарсы шықпау.
9) Аллаһу та'алаға берген ниғметтері үшін шүкір ету, яғни оларды дінге сай түрде қолдану.
10) Күнәлардан сақтанып, ғибадатпен айналысу.
11) Күнәларға тәубе ету (тыйылу).
12) Әйелдердің орануына мән беру.
13) Харамға қарамау.
14) Құлақты музыкадан сақтау.
15) Тілді ұятсыз, балағат сөздерден қорғау.
16) Аллаһ достарын өзіне дос, ал дұшпандарын дұшпан білу.
17) Сәлем берушінің сәлеміне жауап беру.
18) Әмри маруф (дінді насихаттау) жасау (бұл парыз кифая болып табылады).
19) Әлемге ғибрат көзімен қарау.
20) Ешкімді мазақ қылмау (келемеждемеу, қорламау).