Untitled Document

Сұхбат................... Ұмытылған немесе қалып кеткен кейбір парыздар мен сүннеттер (1)

Баршаға мәлім болғанындай, «Парыз» – «Аллаһу та'аланың Құран кәрімде орындалуын айқын бұйырған әмірлер» деген сөз. Бір құдси хадисте: «Құлым парыздарды орындау арқылы маған жақындағандай басқа ешқалай жақындай алмайды. Құлым нәпіл ғибадаттарды орындағанда оны қатты жақсы көретінім соншалық, ол менімен естиді, менімен көреді. Менімен барлық нәрсені ұстайды. Менімен жүреді. Ол менен не сұраса да беремін. Маған сиынатын болса, оны қорғаймын» деген. (Бұхари)

Діни әдебиетімізде көп қолданылатын «Сүннет» сөзі айтылған жеріне қарай түрлі мағыналарды береді:

1) Парыз бен сүннет» тіркесіндегі «Сүннет» – Расулуллаһтың (алейһиссалам) парыз болмай жасаған амалдары деген сөз.

2) «Кітап пен сүннет» тіркесіндегі «Сүннет» – «Хадис шәрифтер» деген сөз.

3) «Сүннет» сөзі жалғыз қолданылғанда «Ислам діні» деген мағынаны береді.

4) «Сүннет» – «Жол» деген мағынаға да келеді. Мысалы «Сүннети хасана» – жақсы жол, «Сүннети сәйия» – жаман жол деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Кімде-кім сүннети хасана шығарса (жақсы жол ашса), оның сауабы және қияметке дейін онымен амал етушілердің сауабы оған да беріледі. Ал кімде-кім сүннеті сәйия шығарса (жаман жол ашса), оның күнәсі және қияметке дейін соны істеушілердің күнәсі оған беріледі». (Мүслим)

5) Сондай-ақ «Сүннет» «әдет, іс» мағынасында да айтылады. Мысалы «Сүннәтуллаһ» сөзі «Аллаһтың әдеті, Аллаһтың ісі» дегенді білдіреді.

6) «Әһли сүннет» – құтылатын топтың атауы. Ол топты «Әһли сүннет уәл жамағат» деп атайды.

7) Баланың сүндетке отыруына да «Сүннет» дейді.