Қызықты дерек... Адамзаттың ғарышта жасаған рекорды
Адам баласы ғарышты бағындыру үдерісі басталғаннан бері көптеген рекордқа қол жеткізген. Біз солардың ең үздіктерін жинақтадық.
Анатолий Соловьев — ғарышқа ең көп шығып, аман қайтқан ғарышкер. Ол 1988 және 1997 жылдар аралығында бес ғарыштық экспедицияға қатысып, 16 рет ғарышта болған.
Валерий Поляков — «Союз ТМ-18» ғарыш кемесінде ең ұзақ сапар шеккен ғарышкер. Ол 1994 жылы 8 қаңтарда «Мир» орбиталық станциясына ұшып, 1995 жылы 22 наурызда қайтып оралған. Жалпы жұмсалған уақыты - 437 тәулік 17 сағат және 58 минут.
Сьюзан Хелмс және Джеймс Восс есімді америкалықтар орбитаның бойында, нақтырақ айтсақ, ғарыш кемесінен тыс аймақта ең көп уақыт өткізген ғарышкерлер болып табылады. Олар орбитада 8 сағат 56 минут болған.
400171 шақырым — Адам баласының Жерден алшақтаған ең алыс қашықтығы. Бұл көрсеткішке 1970 жылы 15 сәуірде Apollo 13 құрамындағы Джим Ловелла, Фред Хейз және Джек Суигерт есімді ғарышкерлер жете алған.
Адам туралы қызықты деректер
1. Адам қабырғасы 1 жылда 5 миллион рет қозғалыс жасайды.
2. Адам қаңқасы әр 3 ай сайын өзгеріп отырады.
3. Адам сусыз 2-3 күннен артық өмір сүре алмайды.
4. Адам ұялып қызарғанда онымен бірге асқазаны да қызарады.
5. Адамға ұйықтап кету үшін орта есеппен 7 минуттай уақыт қажет.
6. Қалада өмір сүретін адам ғұмырының 2 апта уақыты бағдаршам түсінің ауысуын күтуге кетеді.
7. Кәдімгі адамның көзі 160-қа жуық түстерді ажырата білсе, жаттыққан суретшінің көзі 10 мыңға жуық түс пен реңкті ажырата алады.
8. Темекі шегетін адам орта есеппен өмірінің 22 жылын жақсы өмір сүруге болатын уақытын зая кетіреді.
9. Адам көзі 60-80 минуттан кейін қараңғылыққа толық бейімделеді.
10. Әйелдер еркектерге қарағанда көзін 2 есе көп жыпылықтатады.