Ғибрат... Сұрақтар мен жауаптар
Ұлы әулиелердің бірі шәкірттерінің біреуіне төмендегі сұрақтарды қойып, жауабын алады:
– Бір минуттан кейін өлетініңді білсең, не істер едің?
– Дереу кәлимаи шәһадат және салауат айтамын. Қасымдағы адамдардан ақыларының халал етуін (разы болуын) сұраймын. Аллаһу та’аланың сүйікті құлдарын ойлап, олардан жәрдем сұраймын және дәреу сәждеге жығыламын.
– Егер бір сағаттан кейін өлетініңді білсең, не істер едің?
Жоғарыдағы жауаптардан басқа, дереу дәрет алып, иманымды жаңартамын. Көрінген адамдармен халалдасып, дұғасын сұраймын. Мүмкіндік болса қарыздарымды өтеп, артылған ақша және мал-мүліктерді садақа ретінде таратып беремін. Пайғамбарымызды, сахабаларын, Әһли бәйтін, сәйид және әулиелерді еске алып, шапағаттарынан үміттенемін. Өсиетімді жазатын соңғы сәттерде намаз оқимын.
– Егер бір күннен кейін өлетініңді білсең, не істер едің?
– Жоғарыдағылардан басқа, жақсылап ғұсыл құйынып, үнемі дәретпен жүруге, ішкен-жеген нәрселеріме көңіл бөліп, күнә істемеуге тырысамын. Бос нәрселермен айналыспай, өте қажетті болған нәрселерді ықыласпен жасауға, аузыма жаман сөзді алмауға, барлығына жақсылық жасауға тырысамын. Таныстарыммен халалдасып, бес уақыт намазымды уақытында және ықыласпен оқимын. Қаза намаздарым болса, бос уақыттарымда оқимын. Бала-шағамнан бастап барлығын жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйылуға үндеймін және ілім үйренуге тырысамын. Жақсы адамдарға барып, дұғасын сұраймын.
– Егер бір жылдан кейін өлетіңді білсең, не істер едің?
– Шамамен осы нәрселерді жасаймын, ұстаз.
– Жүз жылдан кейін өлетінің білсең, не істер едің?
– Осы нәрселерді жасауға тырысамын, ұстаз.
– Емтиханнан өттің деп үміттенемін.