Untitled Document

Тарихи тұлғалар... Қасым бин Мұхаммед

Қасым бин Мұхаммед хазрет – табииннің ұлыларынан және Мәдинадағы жетілген, «Фукаха-и сәб'а» деп аталатын жеті үлкен ғалымның бірі. Силсилә-и алийа деп аталатын үлкен ғалым-әулиелердің үшіншісі.

Әкесі Мұхаммед – хазреті Әбу Бәкірдің ұлы. Имам Зәйнәлабидиннің жиені болып келеді. Әкесі шәһид етіліп, кіші жаста жетім қалғанында, әпкесі хазреті Айша анамыздың қолында өсті. Сахабалардың көбінің қолында жетілген және олардан ілім үйреніп, әпкесі хазреті Айша бастаған, Әбу Хурайра, Ибн Аббас және Ибн Омар сияқты әйгілі сахабалардан хадис шәриф риуаят етті. Тасаууф ілімінде жетік маман еді. Уәра мен тақуада теңдесі және ұқсасы жоқ еді.

Хазреті Әбу Бәкір Сыддық та Расулуллаһтан алған осы фәйздерді сахабалардан Салмани Фарисидің жүрегіне ағызды. Рухты жоғарылатқан және оны азықтандырған бұл марифеттерге Мұхаммед бин Қасым да Салмани Фарисидің сұхбаттарына қатысып жетіліп, рух маманы болған еді.

Силсилә-и алийа ғұламаларының төртіншісі имам Жафәр Садық та Қасым бин Мұхаммедтің сұхбаттарынан фәйз алды.

Ол өзі былай айтып берген:

«Бір күні әпкем хазреті Айшаға бардым. Оған «Анашым (әпкешім), мені сүйікті пайғамбарымыздың қасиетті қабіріне апарыңыз!» дедім. Осыған орай маған Хужрә-и са'адатты ашты. Үш қабір көрдім. Тым жоғары да емес, жермен бірдей де емес еді. Үстілеріне қызыл жұмыр тастары төселген еді. Сүйікті пайғамбарымыздың киелі қабірі бәрінен ілгеріде еді. Хазреті Сыддықтың басы пайғамбарымыздың мүбәрәк арқасы жағында, хазреті Омардың басы да Расулуллаһ мырзамыздың аяғы жағында орналасқан еді».

Қасым бин Мұхаммед хазрет Мекке мен Мәдина арасында Кудәйд деп аталатын жерде 725 жылы қайтыс болды.