Дерек... ІІ Абдулхамит ханның еңбектері (1)
٭ Үндістан, Ява, Ауғанстан, Қытай, Малайзия, Индонезия, Ачех, Зангибар, Орталық Азия және Жапонияға елші және дін адамдарын жіберді.
٭ Дүниеде алғаш тіс дәрігерлік оқу орнын ашты.
٭ Парижде Ислам медресесін құрды.
٭ Қытайға қарсы ұйғыр-дұнғандарға жіберген әскерлерімен Орталық Азия мұсылмандарын көтерді.
٭ Құдыс-Яффа, Анкара-Стамбул-Хижаз темір жолдарын салғызды.
٭ Ілгері технологиялық баспа апараттарын алғызды, тегін кітаптар бастырып таратты, 6000 кітаптың аударылуын қамтамасыз етті.
٭ Баязид кітапханасын құрып 10 000-ы қолжазбалы кітаптар болған 30 000 кітап берді.
٭ Алғаш электр тогы және газ әкелдірді.
٭ Дүниедегі алғаш торпеда ататын суасты кемесін өз ақшасымен жасатты.
٭ Үнемі отандық маталардан киім киетін. Хареке мата өндіру фабрикасын және Фесхана фабрикасын құрған.
٭ Бітіруші оқушыларға сыйлық кітаптар жіберді.
Кедей халыққа өз қалтасынан төлеп көмір таратты.
٭ Яловада ыстық су сауықтыру кешенін жасатты.
٭ Теркос суын Стамбулға әкелді.
٭ Алғаш заманауи дәріхана аштырды.
٭ Ислам әлеміне алғаш автокөлікті алдырды және 5 мың км асфальт жол салдырды.
Жалғасы ертең...