Сұхбат... Төрт түрлі зекет мүлкі бар
Сұрақ: Ненің, қандай мүліктің зекетін беру керек? Яғни зекеті берілетін мүлікке не жатады?
Жауап: Төрт мазһабта да төрт түрлі зекет мүлкі бар, олар:
1) Жылдың басым бөлігінде жайлауда тегін жайылатын төрт аяқты мал.
2) Алтын мен күміс. «Дәррул мүнтәқа» кітабында былай жазылған:
«Алтын мен күмістің сынамасы 583-тен жоғары болғаны ақша ретінде, әйелдердің әшекейі ретінде халал болып, ер адамдардың алтын жүзік тағуы секілді харам болып қолданылса да, үй, азық-түлік, кебін сатып алу үшін сақталса да, қылыш және алтын тіс секілді қажеттілік заты болса да, зекет нисабының есебіне қосылады».
3) Сауда үшін алынып, сауда үшін сақталған сауда заттары. Ибн Абидинде былай делінеді:
«Заттың сауда ниетімен сатып алынуы қажет. Ұшыр беруі қажет болатын жерлерде пайда болған және мирас ретінде келген немесе сыйлық, өсиет секілді қабыл алғанда мүлік болатын нәрселерде саудаға ниет етілсе де, олар сауда мүлкі болмайды. Өйткені сауда ниеті сауда-саттықта болады. Мысалы, егістігінен бидай алып, ұшырын берген немесе мирас ретінде алған адам сату ниетімен сақтаса, нисаб мөлшерінен артық болса және бір жылдан астам қалса, зекетін беруі қажет болмайды».
4) Жаңбыр суымен немесе өзен, арық суымен суарылатын барлық топырақтан шығатын нәрселер. Олардың зекетін «Ұшыр» деп атайды. Ұшыр беру Құран кәрімде «Әнам» сүресінің 141-ші аятында бұйырылған, оннан бірінің берілу керектігі хадис шәрифте айтылған. Ұшыр – өнімнің оннан бір бөлігі. Қарызы бар адам қарызын шегермейді, ұшырын толық береді.