Untitled Document

Күннің тарихы... Хазреті Әйюб Сұлтан

Ұлы сахабалардың бірі. Пайғамбарымызды Мекке Мукаррамадан Мәдина Мунаууараға хижрет еткен кезінде үйіне қонақ еткен. Есімі Халид бин Зәйд, лақабы Әбу Әйюб. Пайғамбарымыз Меккеден Мәдинаға хижрет етпестен бұрын пайғамбарлығының білдіруінің 11 жылы мұсылман болды. Екінші Ақаба байатына қатысып, пайғамбарымыздың сұхбатына қауышты. Осылай Сахаба және Ансар қатарына қосылды.

Халид бин Зәйд Әбу Әйюб әл-Ансари (радиаллаһу анһ) Бәдр, Ухуд, Худайбия және басқа да бүкіл соғыстарда Расулуллаһтың жанында болды және дұғаларына қауышты. Бірнеше соғыстарда туды алып жүру беделіне ие болды. Осы себепті оған Расулуллаһтың ту көтерушісі деген ат қойылды. Халид бин Зәйд 150 хадис шәриф жеткізген. Әбу Әйюб Ансари (радиаллаһу анһ) хазреті Муауияның 670 жылы Константинопольді жаулауға шықан жорығына қатысты. Соғыс кезінде дизентерия ауруына шалдықты. Ажалының жақындағанын сезіп, пайғамбарымыздың «Константиния қорғанының жанында бір салих кісі жерленеді» хадис шәрифін риуаят етіп, «Егер осы жерде қайтыс болсам, жаназамды дереу жерлемеңдер. Әскерлердің бара алатын жерінің ең ілгері жеріне дейін барып, мені сонда жерлеңдер» деп өсиет етті. Ол күні мұсылмандар соғысып шайқасып, қорғанға ең жақындай алған жерлеріне барып, Расулуллаһтың берекелі сахабасын жерледі. 

Арада 8 ғасыр уақыт өтіп хазреті Халид бин Зәйдтің (радиаллаһу анһ) қабірі ұмытылып жоғалып кеткенімен, Ақшәмседдин хазреттің кереметімен қабірі табылды. Бұдан кейін Фатих Сұлтан Мехмет хан Әбу Әйюб Ансари хазреттің қабірінің үстіне кесене, қасына мешіт салдырды. Бұл мешіт Константинополь жеңісінен кейін 1458 жылы Османдықтар тарапынан Стамбулда салынған алғашқы Салатин (сұлтандар) мешіті болып табылады. 1756 жылғы зілзаладан кейін 1798 жылы орнына бүгінгі ғимарат салынды.