Untitled Document

Ғұлама... Ариф Ривагари

Ариф Ривагари (рахметуллаһи алейһ) силсилә-и алийа деп аталатын ғұламалар шежіресінің оныншысы, Бұхарадан 30 шақырым жердегі Ривагар ауылында дүниеге келген. 1315 жылы (х.715) қайтыс болған. Қабірі Ривагарда. Ариф Ривагари хазреттің даналық сөздері:

● Аз сөйле. Сөздің жамандығынан Аллаһу та’алаға сиын. Өйткені бәле ауыздан шыққан сөзге жақын болады.

● Адамдармен жақсы мәміле ету ақылдың жартысы. Сұрақты дұрыс сұрау ғылымның жартысы.

● Тұрмыста асыра сілтеп жаратпай, үнемдеу тұрмыс таршылығынан құтылуға себеп болады.

● Сахабаларға құрмет етпейтін адам Мұхаммед алейһиссаламға иман келтірмеген болады.

● Жақсы көрші болу дегеніміз - көршіге жәбір көрсетпеу және зияныңды тигізбеумен ғана шектелмейді, сонымен қатар көршінің жәбіріне төзу, сабыр ету деген сөз.

● Мына үш адамнан ұзақ тұрыңдар: тәкаппар дін адамы, байларға жалтақтайтын хафыздан және діннен сауаты жоқ тариқатшыдан.

● Ең үлкен күнәлардың бірі адамдарды мазақ, келеке ету.

● Мына үш нәрсе барда ғаріп болмассың: көркем мінез, күмәннен сақтану және зәбірден ұзақ тұру.

● Сендерге дінді үйреткен ата-аналарың сендерден разы болмайынша, Аллаһу та’аланың сүйікті құлы бола алмайсыңдар. Ихсанға қауышудың себебі ата-ананың дұғасы болып табылады.