Untitled Document

Рамазан сұхбаты ... Пітір беру

Өзіне қажет заттардан, қарыздарынан артылатын малы және ақшасы бар әрбір мұсылманның Рамазан айында айт намазына дейін пітір беруі – уәжіп. Сапардағы адамның да пітір беруі керек.

Қажет нәрселер дегеніміз бағасы қанша болса да бір үй, бір айлық азық-түлік, жыл сайын үш қабат киім, үй заттары, көлік құралдары, мамандық кітаптары және төлейтін қарыздар. Саудаға арналмаған, қажеттілігінен артылатын нәрсе, жалдағы үйлер, үйіндегі әшекей бұйымдар, өнер және сауда заттары, жерге төселмеген кілемдер, қолданылмайтын артық үй заттары – пітір мен құрбандық етілетін заттар болып табылады.

Пітір ретінде 1750 гр бидай немесе бидай ұны, 3,5 кг арпа, құрма немесе кепкен жүзім беріледі. Осылардың бағасымен есептеп алтын немесе күміс беруге болады.

«Пітір садақасы байлар үшін тазалану болып табылады. Кедейлер де беретін болса, Аллаһу та’ала оларға көбірек береді». (Әбу Дауд)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Рамазан оразасы жер мен көктің ортасында тоқтап тұрады. Пітір садақасы берілген кезде көтеріледі». (Әбу Хафс)

«Пітір садақасы ораза тұтқан адамның жаман сөздерінен пайда болған күнәларды тазалайды». (Бәйһақи)

Басқа үш мазһабта бір күндік тамағы бар адамның пітір беруі парыз болып табылады. Хадис шәрифте: «Пітір садақасын кіші-үлкен, бай-кедей бәрі беру керек» делінген. (Әбу Дауд)

Пітір садақасы Рамазан айында беріледі. Рамазаннан бұрын және айттан кейін беру де рұқсат болғанымен, айт намазынан бұрын берудің сауабы көбірек. Шафииде Рамазаннан бұрын беруге болмайды. Айттан кейінге де қалдыруға болмайды.